15:25, 15 ноября 2017 г.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» жобасы жүзеге асуда
Облыста «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» жүйесінің пилоттық жобасы жүзеге асуда, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жоба мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылықтарды бір жүйеге біріктіріп, құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын жеделдету. Алдағы уақытта барлық жергілікті жол полициясы әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларын планшеттер арқылы толтыратын болады. Ол үшін заң бұзушының ЖСН нөмірі ғана жеткілікті.
-Әзірге бұл пилоттық жоба Құлсары қаласында жүзеге асуда. Кеше ғана жергілікті полиция планшет арқылы хаттамалар толтырып бастады. Алғашында жол ережесі қозғалысы қадағаланса, кейін жергілікті полиция қызметкерлері де планшеттер арқылы жедел түрде хаттама толтырады,-дейді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының басшысы Ахметбаев Нұрлан Стаханұлы
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Жылой ауданында жол полициясы қызметкерлеріне тағы да 10 планшет сатып алынады. Облыс бойынша барлығы 830 планшет пен принтерлер сатып алу жоспарлануда. Ол үшін жергілікті бюджеттен 130 млн теңге қаражат бөлінеді. Жоба облыс әкімдігі мен мәслихатында бекітілді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:26
Вчера
16:48
Вчера
ТОП новости
Объявления
11:55, 4 октября
15
live comments feed...