• Главная
  • "Қазақстанның ұлттық сәйкестігі " талқыланды
13:57, 14 ноября 2017 г.

"Қазақстанның ұлттық сәйкестігі " талқыланды

Сабылысқан пікірлер мен сеңдей соғылысқан пайымдарға жауап беру мақсатында Елбасының «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» мақаласына сәйкес Қазақстан коммунистік халық партиясының ұйымдастыруымен «Қазақстанның ұлттық сәйкестігі» тақырыбындағы қоғамдық талқылау өтті.

Ұлттық сәйкестік- бұл белгілі бір этникалық топқа немесе ұлтқа тиесілі болатын адамның жеке басының компоненттерінің бірі.

Аталмыш шараны Қазақстан коммунистік халық партиясының орынбасарыЕ. Дәулетқазиев ашты. «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сана-сезімді жаңғырту» мақаласында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Кушенов болашаққа қалай қадам жасайтындығы туралы өз қөзқарасымен бөлісті. Сонымен қатар жиынға «Ауыл», «Ақ жол», «Нұр Отан», «Бірлік» партиялары қатысты.

Қоғамдық сананы модернизациялаудағы маңызды мәселе қазақ альфавитін латын әліпбиіне ауыстыру бастамасы туралы өзіндік ойларымен бөлісіп, тәлім-тәрбие, ұлттық рух пен қайралмас намыс туралы да сөз қозғады.

Айтыла-айтыла жауыр болған тұжырымдардың ішінде бәрінің көксегені біреу – адамзат дамуының алдағы ұзақ сапарында адастырмайтын темірқазығын табу, ұлтын ардақтау, дәстүрін ұлықтау, еңсесін тіктеу болды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#партия #ұйым #талқылау
Объявления
live comments feed...