07:20, 10 ноября 2017 г.
АҚПАРАТТЫҚ ТОП ӨКІЛДЕРІ АТЫРАУЛЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін латын әліпбиіне көшудің негізгі артықшылықтарын көрсете отырып, көкейтесті сауалдардың жауабын шешу мақсатында Құрманғазы мәдениет сарайында «Латын әліпбиіне көшу - жастар таңдауы» атты республикалық ақпараттық топ өкілдерімен жастар арасында кездесу өтті.
Аталмыш кездесуге саясаттанушы Сайров Ерлан, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Лоскутова Оксана, саясаткер Қосанов Әміржан, блогер Байтук Ғалым пен белгілі журналист Қанат Әуесбай қатысты.
«Еліміз Ресейдің боғанында болмай, Алашорданың саясатымен жүрген болса, біз қазір кирилицаның не екенін білмейтін едік. Әрбір азамат латын әлібиін қазақ халқының болашағы үшін үйренуі қажет. Өйткені, латын әліпбиіне көшу мәдениет пен қоғамның дамуына үлес қосып, дамыған елдердің қатарына тез қосылуымызға көмектеседі»,- деді жиын барысында сөз сөйлеген белгілі саясаткер Қосанов Әміржан.
Сайров Ерланның айтуынша, латын әліпбиіне көшудің әдістері мен тәсілдері жөнінде мемлекет комиссия құрылып, қазақ тілінің латын әліпбиіндегі морфологиясын жан-жақты зерттейтін болады. Дүние жүзінде 6-7 миллиардқа жуық халықтың басым көпшілігі латын әліпбиін қолданады.Осыны түсіндіру мақсатында қазір арнайы жастармен кездесулер өткізіліп жатыр.
Айта кету керек, арнайы құрылған ақпараттық топ өкілдері осыған дейін Оңтүстік, Шығыс Қазақстан өңірлерін аралап, жастарға латынға көшудің маңыздылығын түсіндірген.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:19
Вчера
ТОП новости
Объявления
11:55, 4 октября
15
10:08, 30 сентября
12
live comments feed...