08:40, 10 ноября 2017 г.
Аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысушылар Атыраудың киелі жерлерімен танысты
Қазақстан мен РесейдіңXIV өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысушылар Атырау облысының киелі жерлерімен танысты.
Пленарлық отырысқа дейін форум делегаттары Қазақстан Республикасының туристік нысандарымен танысып үлгерген болатын. Оның ішінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тізіміне кірген мұнайлы өлкеміздің ерекше нысандары да болды.
Ақмешіт қорымы, Сарайшық қалашығы, Ұшқан ата қорымы мен Махамбет батыр кесенесі қатысушылар назарынан тыс қалмады.. Сонымен қатар, форум меймандары Атырау аймағының инвестициялық жобалары жөніндегі толық ақпарат ала алды. Қазірде мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыс бойынша жалпы құны 3 трлн.теңгені құрайтын 54 инвестициялық жоба жүзеге асып, мұнда 5,6 мың жұмыс орны ашылған.
«Адами капиталды дамыту» — бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі деген тақырыпта өткізілен форумға аймақ басшысы да қатысты.
«Мемлекет басшысы бүгінгі жаһандану дәуірінде әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілетті болып, елінің өркендеуі үшін бар күш-жігерін арнауы керектігін ұдайы айтып келеді. Мұндай өңіраралық ынтымақтастық форумдар Ресей Федерациясындағы әріптестермен кәсіби қарым-қатынасты нығайта түсуге жол ашады. Өз кезегінде ол Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы маңызды мәселелерді шешуге оң әсер етері сөзсіз»,-деді Нұрлан Ноғаев.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:26
Вчера
16:48
Вчера
ТОП новости
Объявления
10:08, 30 сентября
12
11:55, 4 октября
11:55, 4 октября
53
live comments feed...