• Главная
  • "ЖІГІТ СҰЛТАНЫНЫҢ" ЖЕҢІМПАЗЫ КІМ?
ЖЕҢІМПАЗДАР!
14:28, 8 ноября 2017 г.

"ЖІГІТ СҰЛТАНЫНЫҢ" ЖЕҢІМПАЗЫ КІМ?

ЖЕҢІМПАЗДАР!

Ердің ерін жігіттің төресін  анықтайтын «Жігіт сұлтаны» жобасы мәресіне жетті.   Бір айға жуық уақытқа созылған «Атырау»  арнасы мен қалалық ішкі саясат бөлімінің бірлескен жобасында  «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып» көптің ішінен суырылып шыққан 8 үміткер бағын сынады.

Осы күнге дейін садақ ату, атқа міну, қой сою мен спорттық жарыс  сияқты  кезеңдерден іріктелген сайыскерлер өзін-өзі таныстыру, білім деңгейін анықтауда сұрақтарға жауап беру, өнер сайысы бойынша сынға түсті.

Ән айтып,  әдебиет әлеміндегі сөз саңлақтарының шығармаларын нақышына келтіре орындаған  жігіт төрелері ұлттық аспаптарда да ойнау арқылы «Жігітке жеті өнерде аз» дегенге дәлел бола алды.

-Роллан Құспан,  әділқазы мүшесі, Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

Жалпы қазақта мыңнан тұлпар жүзден жүйрік жігіттер көп. Міне, осындай жігіттеріміздің басын біріктіріп, оларды өнерге, мәдениетке, спортқа бағыттау бұл сайыстың басты мақсаты боды. Бүгінгі жігіттердің барлығы да «Сен тұр- мен атайындар».  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық кодымыз туралы айтылған болатын. Ұлттық код дегеніміз-біздің мәдениетіміз,тіліміз бен дініміз. Осы құндылықтарымызды білмей біз болашаққа қадамымыз нық болмайды. Кешегімізді біліп, бүгінге қадам басу үшін  осындай жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай жігіттеріміздің басын қосып ұмыт болған дәстүріміз бен мәдениетімізді жаңғыртуға сәлде болса үлес қосқымыз келді. Бүгінгі шара көңілімізден шықты. Тартысты бәйге болды. Әділ қазы ретінде жеңімпаз әділ түрде анықталды деп ойлаймын.

"ЖІГІТ СҰЛТАНЫНЫҢ" ЖЕҢІМПАЗЫ КІМ?, фото-1

Сайыс қорытындысы бойынша Нұрғиса Әзірбаев пен Қуандық Манап «Алғыс хатпен» марапатталып, «Қайсар» номинациясын Алтынбек Аяпов, «Дарын» номинациясы бойынша  Жасар Нұрданбек,  өзіндік өнерімен ерекше көзге түскен «Ағатай» номинациясы  Қуаныш Таңатаров пен  «Батыр» номинациясын Дәурен Тлековтер жеңіп алды. Сонымен қатар «Көрермен көзайымы», және «Төре» деген қос бірдей номинацияны Жалғас Елшат өз қанжығасына байлады.

Сонымен серілердің мықтысын саралаған, жігіттердің тектісін даралаған, Атыраудың сұлтанын бағалаған бұл сайыстың жеңімпазы, Қытай елінен келген Атырау және мұнай газ университетінің 3 курс студенті Қызырәлі Ербатыр атанды.

-Қызырәлі Ербатыр, жеңімпаз:

Төрт бөлімнен тұратын бұл сайыс шыны керек оңайға соқпады. Сайыс барысында көптеген қиындықтар кездесті. Бірақ қазақтың намысын қорғайтын азамат болғаннан кейін шыдау қажет. Бастапқыда қатысу мүлдем ойымда болмады. Десе де іріктеу бөлімінен өткесін  қатысуды жөн көрдім. Бүгін нәтежиесіне куі болып отырсыздар. Осындай сайысқа қатысқаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға және мені осы сайыстың жеңімпазы болуға лайықты деп тапқан әділ қазы алқасына алғысымды білдіремін.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жігітсұлтаны #жастар #Атырау
Объявления