• Главная
  • «Жас Отау» бағдарламасы 72 пәтерлі үй салады
09:00, 6 ноября 2017 г.

«Жас Отау» бағдарламасы 72 пәтерлі үй салады

«Жас Отау» бағдарламасы 72 пәтерлі үй салады

«Жас Отау» бағдарламасы аясында алдағы жылдары Атырау қаласынан 72 пәтерлі алты тұрғын үй салынады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Роллан Құспан мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыс орталығында жас отбасылар үшін көзделген үй «Береке» шағын ауданында тұрғызылады. Құлсары қаласында бес қабатты 100 пәтерлі бір, Индербор ауылында бес қабатты 50 пәтерлі бір, Махамбет ауылында бір қабатты үш бөлмелі отыз үй құрылысы жоспарлануда. Қазір жобалау-сметалық құжаттар дайындалуда.

Айта кетелік, биылғы маусым айында бағдарлама аясында жалпы аумағы 7522 шаршы метр болатын 120 пәтерлік үй пайдалануға берілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#тұрғын-үй #пәтер
Объявления
live comments feed...