• Главная
  • Сарйшықтан адам сүйектері табылды
08:09, 6 ноября 2017 г.

Сарйшықтан адам сүйектері табылды

Сарйшықтан адам сүйектері табылды

Ежелгі тарихымыздың куәгері саналатын Сарайшық қаласын сақтап қалу үшін жүріп жатқан  Жайық жағасын бекіту кезінде жұмыс алаңынан адам сүйектері шықты.

Жеті хан жерленген делінген көне шаһарды Жайық өзенінің шайып бара жатыр. Осыған орай  аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жергілікті қазынадан 1,5 миллиард теңге бөліп, сақтап қалу жұмыстарын жүргізуді мәлімдеген еді.

Облыстық тариxи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Харипова « Жұмыс алаңынан шыққан сүйектер арнайы зерттеулер жүргізіліп сызбалары сызылып алынғаннан кейін жиналып, ауыл маңындағы бейітке қайта жерленіп жатыр. Ол ежелде мұнда орыс казактарының, ноғайлардың және оны алтыншы ғасырдағы қазақтардың жерленгені белгілі болды»,- дейді. айтты. Сүйектердің астында Сарайшық қаласы орналасқан.

Сонымен қатар Жайық өзенінің жағасындағы апатты жағдайдағы қазба орнын сақтап қалу мақсатындағы археологиялық қазба жұмысының биылдан бастап қолға алынып және 2020 жылға дейін жалғасатынын да хабарлады. Аяқталған қазба орындарын реставрациялау басталған. Жалпы қазба жұмыстарына тарих ғылымдарының докторы, археолог Зейнолла Самашев ғылыми жетекшілік етеді.

Ал, жағаны бекіту жұмысын жүргізіп жатқан мердігер компанияның өкілі Асқар Төленов құрылыс 2018 жылдың басында аяқталады деп жоспарланғанын айтты.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі шаһарды қалпына келтіру үшін 100 миллион теңге бөлетінін хабарлады. Қазірде қаланың орнын туристік орталыққа айналдыру көзделіп отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#қазбажұмыстары #сүйектер
Объявления
live comments feed...