• Главная
  • Атырауда еріктілердің күшімен арнайы иппотерапия орталығы салынады
14:45, 4 ноября 2017 г.

Атырауда еріктілердің күшімен арнайы иппотерапия орталығы салынады

Атырауда еріктілердің күшімен арнайы иппотерапия орталығы салынады

Канистерапия орталығының жетекшісі Ерлан Күмісқалиев аймақта жылқымен емдеу ісін дамытуды көздеп отыр, — деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүкілхалықтық дауыс беру қортындысымен Ерлан Күмісқалиев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға ұсынылған еді. Атырау облысынан жобаға 7 үміткер іріктелді, оның қатарында «Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі де бар. Ұйым қызметі жұлын және бас миы зақымданған балаларды емдеу мен сауықтыруға негізделген.

«Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына биыл 5 жыл болды. Осы уақыт аралығында канистерапия әдісі арқылы әр түрлі сырқатқа шалдыққан 300-ден астам бала ем-домнан өтті. Ерлан Күмісқалиев енді жылқылардың көмегімен иппотерапия арқылы балаларды емдеуді ниеттеніп отыр. Иппотерапия орталығы Атырауда кәсіпкерлер мен ынталы азаматтардың қолдауымен салынады.

-Екі жыл бұрын біздің екі тренеріміз Грузияда біліктіліктерін арттырып, иппотерапевт-инструктордың халықаралық сертификатын алды. Содан кейін жылқылармен емдеу орынын ашуды жоспарладық. Жергілікті билік 5 га жер телімін берді, енді кәсіпкерлер мен қайырымды жандардың көмегімен иппотерапия орталығының құрылысы басталды, — дейді Ерлан Күмісқалиев.

Орталық құрылысы Атырау қаласының маңындағы Ақжар ауылында бой көтерді. Келер жылдың көктемінде аяқталады деген жоспар бар. Ерлан Күмісқалиевтің айтуынша, еріктілер мен демеушілер құрылысқа қажетті жағдайдың бәрін жасап отыр.

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#еріктілер #қоғам
Объявления
live comments feed...