• Главная
  • «Тілдарын» республикалық олимпиадасы өтеді
Республикалық олимпиада
14:06, 2 ноября 2017 г.

«Тілдарын» республикалық олимпиадасы өтеді

Республикалық олимпиада
«Тілдарын» республикалық олимпиадасы өтеді

Елімізде үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz. агенттігі.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізеді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген қабілетті жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отырған байқау осы жылдың 10 қарашасында Ақмола облысы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтеді.

Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы қалалық және облыстық іріктеу кезеңдердің жеңімпаздары қатысады. Үміткерлер үш тілде берілген тапсырмалардың мазмұнын ашумен қатар тіл мәдениеті мен сауатты аударма жасай білу деңгейлерін көрсетеді. Сайыскерлердің білім деңгейін арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Естеріңізге сала кетсек,Атырауда облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының  ұйымдастыруымен 20 -21 қазан аралығында өткен  облыстық «Тілдарын» олимпиадасының жеңімпаздары анықталған болатын.

Жарыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенті Әйнел Қожахметова иеленді. Енді ол Республикалық жарысқа қатысатынында хабарлаған болатынбыз.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#олимпиада #тіл #байқау
Объявления
live comments feed...