• Главная
  • "Рухани жаңғыру" бағдарламасына қанша ақша бөлінетіні белгілі болды
16:28, 1 ноября 2017 г.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасына қанша ақша бөлінетіні белгілі болды

"Рухани жаңғыру" бағдарламасына қанша ақша бөлінетіні белгілі болды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР-сының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпараты.

Отырыста Бақыт Сұлтанов алдағы жылдарға арналған бюджет жоспарында мемлекеттік бағдарламаларға қанша қаржы бөлінетінін айтты.

«Бюджеттің шығыс бөлігін түзету үш негізгі бағыт бойынша іске асырылды. Бірінші - Мемлекет Басшысының бастамалары мен тапсырмаларын және еліміздің халықаралық міндеттемелерін іске асыру. Олардың ішінде: 4,2 млрд теңге Президенттің Рухани Жаңғыру бойынша бастамасын іске асыруға бөлінеді: 33,1 млрд теңге əскери және ішкі істер органдарының қызметшілерінің бұрын көтерілген жалақыларын қаржыландыру үшін көзделеді; 22,2 млрд теңге «Назарбаев университетінің» екінші және үшінші іске қосу кешендерінің құрылысын аяқтауға және академиялық блокты кеңейтуге бағытталды; 20 млрд теңгені халықаралық көрмеден кейінгі іс-шараларды өткізуге және ЭКСПО аумағындағы ғимараттарды жаңа офистерге өзгерту жұмыстарын тездетуге жұмсау ұсынылады», - деді ол.

Кейін ведомство басшысы екінші бағыт бойынша қанша қаржы жұмсалататынын атап өтті.

«Екінші блок - ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт есебінен іске асырылатын іс-шаралар мен жобаларды түзетуге 73 млрд теңге қарастырылған. ҚР Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң шешіміне сәйкес қосымша қаражатты келесі бағыттар бойынша қайта бөлу ұсынылады: Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушы паромдарын пайдалану жобасының 2-кезегіне - 16,9 млрд теңге; өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз етуге - 20 млрд теңге; жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасын іске асыруға - 10 млрд теңге көзделеді», - деді министр.

Сөз соңында Бақыт Сұлтанов үшінші бағыт бойынша ағымдағы жылдың қаражатын экономиканың басым бағыттарына қаржыны қайта бөлу қарастырылығанын жеткізді.

«Мәселен, нақты секторды қолдау бойынша, қайта бөлу 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік инфрақұрылымын және жылу энергетикасын дамыту сияқты салаларға жалпы 60 млрд теңге қарастырылған. Өңірлерді нығайту бағытына 35,2 млрд теңге қайта жіберіледі», - деп түйіндеді сөзін министр.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ағымдағы жылдың бюджетінің негізгі параметрлері өзгеріп, бюджет түсімдері 62,9 млрд теңгеге ұлғайып, 9 трлн 691,5 млрд теңгені құраған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#қаржы #бюджет
Объявления
live comments feed...