08:00, 1 ноября 2017 г.
«АSAR» тұңғыш республикалық үшжақты ынтымақтастық форумы өз мәресіне жетті
Өңірде «Үкіметтік емес ұйым – Мемлекет – Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» тақырыбында бастау алған жиынның қорытынды кезеңі «APEC PetroTechnic Жоғары колледжінде» жалғасын тапты. Шараға облыс орталығынан бөлек, шалғай ауылдардан келген кәсіпкерлердің, жаңадан іс бастағандар мен бастағысы келетіндердің қарасы көп болды.
Бұл күні кәсіпкерлік саласында өз қолтаңбасы бар іскер азаматтар мол тәжірибелерімен бөлісіп, осыдан екі жыл бұрын аймақта қолға алына бастаған «әлеуметтік кәсіпкерлік» аясында «case-study» семинарлары мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды, интерактивті дәрістер оқыды.
Солардың бірі – «Жарқыра» бағдарламасының коуч-үйлестірушісі, белгілі кәсіпкер-жаттықтырушы Асқар Секербаев пайдалы кеңестер беріп, құнды деректер келтірді. Айта кетейік, аталмыш бағдарлама «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Ал, әлеуметтік бизнестің жемісін татып үлгерген Атырау қаласы мен Жылыой ауданындағы бағдарлама қатысушылары табыстың сырын айтып, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды.
Сонымен бірге, «Almaty Management Unіversity» жоғары оқу орнының бірінші проректоры Алмагүл Қанағатова «Әлеуметтік кәсіпкерліктің Impact-кейстері», «Біздің болашақ» қорының атқарушы директорының орынбасары Евгений Рахновский «Әлеуметтік инновациялар: әлемдік трендтер», «Baribirge.kz» краудфандинг алаңының бас директоры Анна Таджмуратова «Краудфандинг: қаражатты тарту технологиясы» атты шеберлік сабақтарын өткізді.
«Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі ассоциация» өкілі Абай Мырхин «Үкіметтік емес ұйым мен бизнестің өзара әрекеттерінің инновациялық тәжірибелері», «Zertteu Research Institute» қоғамдық қорының өкілі Шолпан Айтенова «Жергілікті өзін-өзі басқаруға көшу жағдайындағы үкіметтік емес ұйым және бизнестің өзара іс-қимылы» тақырыбында интерактивті дәрістер оқыды. Ал, Қазақстан Республикасындағы халықаралық жастар қоры өкілдігінің және «Заңғар» жобасының директоры Әсем Сатмұхамбетова, аталған өкілдіктің бағдарлама менеджері Мейіргүл Алпысбаева «Жобалық менеджмент: әлеуметтік жобаны жоспарлаудың кезеңдері» атты «case-study» семинарлар ұйымдастырды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:19
Вчера
ТОП новости
Объявления
11:55, 4 октября
15
10:08, 30 сентября
12
live comments feed...