Ең үздік экскурсовод анықталды

Ш.Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде музей педагогикасын қалыптастыру, оқушылардың топ алдында өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту және экскурсовод жұмысын насихаттау мақсатында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Жас экскурсовод – 2017» байқауы өткізілді.
Екі кезеңнен тұратын байқауда музей жанынан құрылған «Жас экскурсовод» үйірмесінің қатысушылары өз бақтарын сынады.
Байқаудың қорытындысы бойынша І жүлделі орынға М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің оқушысы Гүлім Махамбетқызы, ІІ жүлделі орынға №36 мектеп-гимназиясының оқушысы Еңлік Мәдениетқызы, ІІІ жүлделі орынға №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясының оқушысы Азат Арысланұлы лайық деп танылды. «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша Төреғалиева Назымгүл және жүзден жүйрік деп танылған «Ең үздік экскурсовод» номинациясына Жасұланова Нұрайлым ие болды.