• Главная
  • Фаст-фудтың біз білмейтін қырлары
15:45, 30 октября 2017 г.

Фаст-фудтың біз білмейтін қырлары

Фаст-фудтың біз білмейтін қырлары

Кез келген табиғи тағам өзінің табиғи күйін өзгерткен кезде бірнеше күннен кейін бүліне бастайды. Ашиды, көгереді, иістеніп қалады т.б. Ал, фастфуд тағамдарын қанша уақыт сақтасаңыз да, еш бүлінбейтіні сіз білесіз бе? Оған осы уақытқа дейін жасалған көптеген тәжірибелер дәлел бола алады.

Соның бірі, Исландия тұрғыны Хертур Смарасон McDonald’s желісінен 2009 жылы сатып алған бургерін сақтап келген. Бастапқы күйінен 6 жыл бойы ауытқымаған бургерді Хертур мұражайға тапсырған (wellnews.ru). АҚШ-тың Юта штатының тұрғыны Дэвид Уиппл 1999 жылы Макдональдстан гамбургер сатып алады. Ол оны жемей сақтап, бір айдан кейін достарына көрсетуді ұйғарады. Бірақ, уақыт өте келе ол оны ұмытып та кетеді. Екі жылдан кейін сол күйінде сырт киімнің қалтасынан табылады. Қараса өңін бермеген. Сатып алынған күйінде тұр. Дэвид оны алмай, тәжірибені ары қарай жалғастыра береді. Дэвидтің өзі айтады: «Бұл кездейсоқ болды. Мен жай ғана ферменттердің қалай жұмыс жасайтынын достарыма көрсеткім келді. Сол үшін гамбургерді таңдадым. Оны бір айдан кейін алам деп бір жерге қойғам. Яғни, сыртқы киімімнің қалтасына салып қойғам. Ол жүк көлігімнің ішінде болатын».

Уақыт өте келе Дэвидтің сыртқы киімін әйелі тауып алып, жууға апарады. Жумастан бұрын қалтасын тексеріп қараса, өңін бермеген гамбургер бар екен. «Оның тұрғанына екі жыл болғанын білген әйелімнің таңданысын көрсеңіздер ғой», - деп еске алады Дэвид.

Бір қызығы, гамбургер көгермеген, иістенбеген. Міне, содан бері 14 жыл өтті. Әлі де сол күйінде. Гамбургерді сатып алған түбіртек те сақталыпты. Енді Уиппл бұл нәрсені немерелеріме көрсетіп, тез дайындалатын тағамның зиянын екендігін айтатын боламын дейді (The New York Daily News, Daily Mail, hi-news.ru). Егер әлі де сақтаулы тұрса, гамбургер биыл 17 жасқа толмақ.

Австралиялық Кейси Дин мен Эдвард Ниц 1995 жылы Макдональдстан сатып алған гамбургерлерін 20 жыл бойы сақтап келген. Сатып алған кездегі күйін еш өзгертпеген гамбургер көп жасаған гамбургерлердің қатарынан ойып тұрып орын алады. Бұл жайында Mirror хабарлайды (The Daily Mail)

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#фастфуд #тезтағам
Объявления
live comments feed...