13:47, 27 октября 2017 г.
АТЫРАУДА ҚОЙШЫҒҰЛ ЖЫЛҚЫШИЕВТЫҢ КЕШІ ӨТТІ
Атырауда ақын, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Қойшығұл Жылқышиевтің шығармашылық кеші өтті. Салтанатты кешті тамашалауға облыс тұрғындарымен бірге облыс әкімі Нұрлан Ноғаевта қатысты.
Аймақ басшысы сөзінде Қойшығұл Жылқышиевтың азаматтығы мен елге адалдығын сөзге тиек ете отырып:
– Қойшекеңнің халыққа, елге қызмет көрсетудегі адалдығы, азаматтығы бөлек. Оны бар білгенін, жиғанын, тергенін ортаға төгіп тастайтын кең азамат ретінде білемін. Сіздің айтарыңыз мол, бергеніңізден береріңіз көп. Маxамбеттің шығармашылығы мен өмірін ұрпаққа насиxаттауда зор еңбек сіңірдіңіз. Менің түсінгенім бойынша, Махамбеттің тағдыры мен өз тағдырыңызда ұқсастық бар деп ойлайсыз. Махамбеттің басына келген қиыншылықтар емес, атақ абыройы, халықтың сүйіспеншілігі, ыстық ілтипаты дарысын сізге, – деді Нұрлан Ноғаев.
Салтанатты кеште Қадыр мырза-Әли атындағы мәдени орталықтың директоры Бауыржан Халиолла, "Фариза жұлдыздары" жас ақындар клубының жетекшісі, ақын Әлия Дәулетбаева сияқты әдебиет әлемінде жүрген қазақ сөз өнерінің қадірін білген ақын-жазушылар сөз сөйлеп алып,қытайдан келген қандасымыз, ҚР Мәдениет қайраткері Қайрат Құлмұхамбет қатысты. Сонымен қатар Махамбат атындағы қазақ драма театры әртістері "Қай қазақтан кем едім" атты қойылымын сахналады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
10:29, 6 января
12
16:56, 15 января
15
16:56, 15 января
53
live comments feed...