• Главная
  • Халықаралық PRI Capstone жобасы басталды
12:54, 27 октября 2017 г.

Халықаралық PRI Capstone жобасы басталды

Халықаралық PRI Capstone жобасы басталды

PRI Capstone халықаралық жобасы  Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемелекеттік университетінде де өз бастауын алды. Адам құқығын қорғау мәселелері бойынша шетелдерде кеңінен танымал аталмыш жобаға  қатысу мәртебесіне Республика бойынша  атыраулық студенттер ие болып отыр.

Өзінің ресми түрде түрде тұсаукесері өтіп, іріктеу кезеңінен өткен студенттер мен олардың жетекшілері таныстыстырылған іс-шараға оқу ісі жөніндегі проректор Г. Жарасова, құқықтану және журналистика мамандықтарының оқытушыларымен студенттері қатысты. Сондай-ақ халықаралық түрме реформасының (PRI)  Орталық Азиядағы Аймақтық өкілдігінің жобалар менеджері А. Асықпаева, KAZGUU университетінің "Халықаралық құқық" кафедрасының оқытушысы, PRI консультанты Тастанова Малика Мейрамбекқызы "Студенттердің командалық зерттеу жобасын жазу дағдыларын жетілдіру" тақырыбында тренинг өткізді. Жоба  оқу үдерісін күшейтудің және студенттерге зерттеушілік дағдыларды дамытудың жаңа білім беру құралына айналмақ.  Іріктеуден өткен үміткерлер жобаға 12 ай көлемінде дайындалатын болады.

Жобаға қатысушы студенттер өз зерттеулерінің негізінде дипломдық жұмыстарын жазып, түрме реформасына  қатысты өз шешімдерін ұсынатын болады. Сонымен қатар ең мықты деп ұсынылған жоба мен командалық топ  Нидерланды Карольдігінде қорғау мәртебесіне қол жеткізе алады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жоба #реформа #студенттер
Объявления
live comments feed...