• Главная
  • Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында жаңа басшы
14:12, 26 октября 2017 г.

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында жаңа басшы

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында жаңа басшы

Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы болып Саламат Сабыр тағайындалды.  Осы кезге дейін  басқарма басшысы қызметін  Ә.  Тауфикұлы Жоламанов атқарқарған болатын.

Саламат Сабыр 1996 жылы Қостанай мемлекеттік университетін, 2016 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және экономика-бизнес бакалавры мамандықтары бойынша білім алған . Еңбек жолын Қостанай мемлекеттік университетінде бастаған.  Кейін  Махамбет аудандық мектеп-гимназиясының мұғалімі,  Махамбет аудандық әкімі аппаратында мәдениет, туризм және спорт бөлімдерінің бас маманы қызметтерін атқарған. Облыстық телеарнаның аға редакторы, «Қазақстан» ұлттық арнасының меншікті тілшісі, «Астана» телеарнасының Атыраудағы өкілдігінің басшысы, «Қазақстан» Ұлттық арнасының тілшілер қосынының жетекшісі лауазымдарында еңбек еткен. 2013 жылдан бүгінге дейін Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы және бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жаңабасшы #мәдениет #тағайындау
Объявления
live comments feed...