17:35, 25 октября 2017 г.

Қарттарға сыйланған көңіл күй

Қарттарға сыйланған көңіл күй

Атырау қаласының жастары мен еріктілері   облыстық Жасөспірімдер үйі»  Тенгизшевройл компаниясы қолдауымен, Үкіметтік емес ұйым «Ынтымақ Атырау» арқылы жүзеге асырылатын қоғамдастықты дамыту бағдарламасымен бірігіп қарттарға көңіл күй сыйлау мақсатында қарттар үйіне барды.

Қарттарға сыйланған көңіл күй, фото-1

Қазіргі таңда 100 ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымыздың жылы баспанасына айналып отырған қарттар үйінде мүмкіндігі шекттеулі жандар да жоқ емес. Шараны ұйымдастырған А. Қуанышова қарттарға арнапжеміс-жидектер мен тәттілерге қоса 100 жылы шұлық сыйға тартқандарын айтты. Сонымен қатарЛ. Владимировнаның«Фантазия» вокал группасытүрлі ән айтып, аудиторияға жиналған қауымды биге шақырып ерекше атмосфераға бөледі. Кешкісін қаламызға гастролдік сапармен келген А. Островский атындағы БҚО драма театрының «Трактирщица» қойылымына алып барды.

Ұйымдастыру алқасы қарттар үйінің директоры Қ. Күзембаева мен осындай шара өткізуге атсалысқан Н.Ахметоваға алғыс айтып, өткізіліп отырған шараны жыл сайын дәстүрге айналдырмақ ойларын білдірді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#еріктілер #жасөспірімдер #жастар
Объявления