• Главная
  • Атырау облысының жергілікті соттарында кадрлық өзгерістер орын алды
15:57, 25 октября 2017 г.

Атырау облысының жергілікті соттарында кадрлық өзгерістер орын алды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы №564 Жарлығымен Нағашыбаев Мейрамбек Ибрагимұлы Батыс – Қазақстан облыстық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Атырау қаласының №2 сотының төрағасы қызметіне,  бұрын Атырау қаласының №2 сотынын басқарған Ташенова Айгүл Қуанышқызы Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы және де Ақтөбе қалалық сотының төрағасы қызметінен босатылған Сариев Данияр Қалыбайұлы Атырау облысының мамандандырылған экономикалық сотының судьясы болып тағайындалды.

Салтанатты шарада Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов жаңа қызметке ұсынылған қызметкерлерді сот корпусын таныстырып, олардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Нағашыбаев Мейрамбек- еңбек жолын Алматы қаласының тұрғын үй шаруашылығы трестінің заңгері , кейін Алматы қаласының Әуезов аудандық сот учаскесінің сот орындаушысы боп қызмет еткен. 2003 жылдан 2007 жылға дейін Орал қалалық, Шыңғырлау аудандық соттарының судьясы, 2007 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы, кейін сот алқасының төрағасы лауазымдарында  еңбек еткен.

Айгүл Ташенова- алғашқыда Гурьев облыстық зеңгерлер алқасының заңгері, кейін Атырау облысы Балыкшы аудандық сотының судьясы ретінде қызмет атқарған. ҚР Әділет министрлігінің соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінде басшылық лауазымдарда, Астана қаласының №2 аудандық сотының судьясы, төрағасы, Атырау облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сот алқаларының төрағасы болып  жұмыс атқарған.

Данияр Сариев -Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас маманы, тілдерді дамыту Департаментінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Департаментінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарған. 2009 жылы Атырау қалалық сотының судьясы болып тағайындалған. 2014 жылдан 2017 жылға дейін Ақтөбе қалалық сотының судьясы болып қызмет еткен.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#сот #судья #төраға
Объявления
live comments feed...