• Главная
  • Атырауда 30-31 ҚАЗАН КҮНДЕРІ I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АСАР» ФОРУМЫ ӨТЕДІ
15:38, 25 октября 2017 г.

Атырауда 30-31 ҚАЗАН КҮНДЕРІ I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АСАР» ФОРУМЫ ӨТЕДІ

Атырауда 30-31 ҚАЗАН КҮНДЕРІ I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АСАР» ФОРУМЫ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы және азаматтық қоғам министрлігі 30-31 қазан күндері Атырау облысының әкімдігі және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесе I Республикалық «ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумын өткізуді жоспарлап отыр деп хабарлайды diakom.gov.kz агенттігі.

Форумның басты мақсаты- үшжақты әріптестікті және сондай-ақ, мемлекет, ҮЕҰ және бизнес саласында үшжақты ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы әлеуметтік жауапкершілікті дамыту болып табылады.
Форум аясында үшжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылау, өзара іс-қимылдың қолданыстағы табысты үлгілерін таныстыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, форум жұмысы барысында кәсіпкерлерге әлеуметтік бағытта бизнесті жүргізу, әлеуметтік жобаларды іске асыруға қолдау көрсету, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және тиімді серіктестік орнатудың басқа да тетіктері талқыланады.
Бұдан бөлек, «Спикер #7» атауымен зияткерлік конференция, панельдік сессиялар, мастер-класстар, семинарлар, дәрістер және т.б шаралар өтетін болады.
Алдағы уақытта форумды жыл сайын еліміздің басқа да өңірлерінде өткізу жоспарлануда. Ал, алғашқы форум осы жылдың 30-31 қазанында Атырау қаласында өтеді. Аталған шараны өткізу бойынша осы аймақтың таңдалып алынуының себебі Атырауда үш жақты ынтымақтастықтың табысты тәжірибесі қалыптасқан.
Ауқымды шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, «Enactus Kazakhstan» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев және тағы басқа кәсіпкерлер қатысады-деп күтілуде.
Сондай-ақ форумда модератор ретінде Мұрат Әбенов сөз сөйлейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Асар #форум #спикер
Объявления
live comments feed...