• Главная
  • Халық қалаулылары өнеркісіп орындарын аралады
18:09, 24 октября 2017 г.

Халық қалаулылары өнеркісіп орындарын аралады

Халық қалаулылары өнеркісіп орындарын аралады

Жыл сайынғы дәстүр бойынша халық қалаулылары облысымыздағы бірнеше өндіріс орындарын аралады.  Өткен жылы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрі Б. Ізмұхамбетов бастаған бір топ  мәслихат депутаттары   консервіленген көкөніс өндіруші «Атырау Агро Феликс» ЖШС-інде болған болатын. Биылғы жылы алдымен өңіріміздегі мұнай бұрғылау кешендерінің бөлшектерін шығаратын  «Жігер» мұнай Сервис кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Кейін осы жылы ғана «ТрансТехИнтернэшнл» ЖШС іске қосқан «Дәулет нан» зауытының өнеркәсінде болды. Ұннан жасалған өнімдердің сапасымен танысқан халық қалаулылары бағаның қолжетімділігіне таңданыстарын жасырмады. Бұнда сонымен қатар  көпсалалы өнеркісіптің макарон өнімдері мен тігін цехтары да жұмыс істейді. Сондай-ақ олар консервіленген ет өндіріп, қазіргі таңда Ресейге экспорттап отыр.

Айгүл Нуркина- ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі:

-Бір өндірісте бірнеше өнімді өндіру өте сирек кездеседі. Мәселен, түйе жүндерімен қатар ешкі сүтінен жасалған сүт өнімдері, сонымен қоса бұқтырылған ет осының барлығын бір арнаға тоғыстыруларыңыз  өндірісті ерекшелеп, кәсіпорынның бәсекеге қабілетті екендігін байқатады.

Владимир Розметов- «Атырау Агро Өнімдері» ШҚ басшысы:

-Біздің өнімдеріміздің сапасының жоғарғы екендігінің дәлелі ретінде базарға бара қалсаңыз санаулы минуттардың ішінде таусылып қалатынын анық көре аласыз. Бұл дегеніңіз біздің өнімдеріміздің сапасы жоғарғы екендігін білдіреді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#дәулетнан #кәсіпорын
Объявления
live comments feed...