15:36, 24 октября 2017 г.

Тыныс-әлем чемпионы

Жуырда Әзербайжанның астанасы Бакуде өткен грэпплингтен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған жерлесіміз Тыныс Бисалиев туған жерге оралды.

Грэпплинг спорттық жекпе-жектің бір түрі. Ол самбо, дзюдо, еркін күрес және бразилиялық джиу-джитсудің негізінде пайда болған. Жаңа жауынгерлік өнердің өзгелерден өзгешелігі де бар. Мұнда қарсыласты тұншықтыратын немесе ауыр жарақат салатын әдістер қолданылмайды. Спортшының қара күші емес, техникалық шеберлігі жоғары бағаланады.

Әлемнің 34 елінен қатысқан  әлем чемпианатында жерлесіміз ауыр салмақта сынға түскен.  Ауыр салмақта 100 келіден жоғары 6 спортшы қатысқан . Алғашқы 2 қарсыласы әзірбайжандық палуандарды жығып, финалға қарсыласы  Ресейлік атақты чемпионмен күш сынасады. Бұл жолы да Отандасымыз  өзіндік шеберлігінің арқасында  жеңіс туын желбіретті. Әлем чемпионы атанып елге оралған сезімін қуанышпен жеткізген жерлесіміз:

«2010 жылдан бері әлемде грэпплинг спорт түрі кеңінен қанат жая бастады. Қазір онымен айналысушылар саны елімізде көбейіп келеді. Жылдамдық, ептілікті қажет ететін жекпе-жекке мен де ерекше ден қойып,  айналысып келемін. Бүгінгі жеңісімді соның нәтижесі деп білемін», — дейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#спорт #чемпион
Объявления
live comments feed...