• Главная
  • Рухани жаңғырудың бір жолы- латын әліпбиіне көшу
14:01, 24 октября 2017 г.

Рухани жаңғырудың бір жолы- латын әліпбиіне көшу

Рухани жаңғырудың бір жолы- латын әліпбиіне көшу

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде  Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен  қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі «Рухани жаңғырудың  бір жолы- латын әліпбиіне көшу» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. ҚР  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Сонымен қатар 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»  Стратегиясы қалыптасқаннан мемекеттің жаңа саяси бағыты» атты  Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге керісуіміз керек» деп атап көрсетті. Осы  орайда бұқара мен билік арасындағы алтын көпір саналатын болашақ БАҚ өкілдерінің өзіндік ойларын анықтау мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шараның шымылдығын кафедра меңгерушісі Мәншүк Тынышқалиева ашты.

- Биылғы таңда қоғамдағы  көкейтесті мәселелердің бірі- латын әліпбиіне көшу мәселесі  болып отыр. Елбасымыздың тапсырмасы бойынша еңбек ұжымдары, ғалымдар, студенттер, аспиранттар, магистранттар, докторанттардың арасында жалпы зиялы қауым өкілдері үлкен талқылау жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай бүгін біздің кафедраның да студенттері, ұстаздары осы мәсеелеге бет бұрып  өз көзқарастарын білдіру мақсатында жиналып отыр. Оның ішінде жастар, студенттер сіздердің ой пікірлеріңіз өте маңызды. 

Қоғамдағы ауқымды мәселерге ерекше тоқталып, пікірлерін білдіруге жиналған 1-4 курс студенттері  «Рухани жаңғыру жолында...» дайындаған баяндамаларын оқыды. «Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін  жазу-сызуда да бізден бұрын да қолданғанын еске салып, бұл бізге таңсық  еместігін  атап көрсетті. Ертеден қолданған әліпбиімізге қайтадан оралу, ұлттық санамызды қайта жаңғыруға әкеледі деген ұйғарымға келді.

 Суретті түсірген: Құдияр Данияров

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#әліпби #руханижаңғыру
Объявления
live comments feed...