ҚазҰУ студенттер мақтанышы

Мектепте оқып жүрген кезімде Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті атану мен үшін қол жетпес арман болатын! Қазіргі таңда талай түлектің арманына айналған ҚазҰУ-да оқу мүмкіндігі мағанда бұйырды.  Өз білімі мен дарынына сенетін көңілді де ізденімпаз жастардың ордасы екені көзге көрініп-ақ тұр. Өзіндік бай дәстүрлерімен танымал әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазақстандық элитаның бас шеберханасы екендігі жалпыға мәлім. ҚазҰУ-да оқу қашан да үлкен мәртебе және мақтаныш болған. 

Бүгінде ҚазҰУ – еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шет елден келген 20 мыңдай студент оқитын еліміздің ең ірі университеті. Мұндағы 14 факультетте 180 мамандық бойынша бакалавр, магистратура, докторантурада мамандар даярланып, онда мыңнан астам доктор мен ғылым кандидаты, профессорлар мен доценттер, 60-тан астам академиктер, 70-тен астам түрлі лауреат сыйлықтары бар жоғары білікті 2000 оқытушы 3 тілде дәріс оқиды.    

ҚазҰУ – ТМД елдері университеттері арасында Рио-де-Жанейрода  өткен БҰҰ-ның «Рио+20» тұрақты даму бойынша конференциясында жеке секциясын ашқан жалғыз университет. Университет қалашығы талапкерлерді өзіндік ерекшелігімен тартады. ҚазҰУ қалашығы көрікті мекен ғана емес, еліміздегі әлемдік деңгейдегі студенттік кампус. Оның аумағында мәдени маңыздағы – бірегей музей экспонаттары,  Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы, ең ірі спорттық кешен мен стадион, студенттерге қызмет көрсету орталығы «Керемет» бой көтерген.  Бүгінгі таңда кітап қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен Әл Фараби кітапханасы  орналасқан.

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ ел өміріндегі осынау маңызды оқиғалардың құрметіне орай 2016 жылы жаңа оқу жылын қос бірдей қуанышпен бастады. Білім күні ашылған түлектердің «Мәңгілік ел» қақпасы мен Д. Баландин атындағы жаңа жүзу бассейні көрікті ҚазҰУ  қалашығының сән-салтанатын арттыра түсті.  

ҚазҰУ білімде ғана емес, спортта да көшбасшы. Оған дәлел, 2016 жылы барша Қазақстан жұрты жанкүйер болған Рио Олимпиадасынан ҚазҰУ – дың үш бірдей студенті олжамен оралды . ҚазҰУ спортшылары ел қоржынына үш медаль салып, мерейімізді асырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шанхай шет тілдер университетінде (ШШТУ) қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасын ашты. Бұл ортақ жоба Қытайдағы ҚР Елшілігі мен Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулдығының қолдауымен жүзеге асты.            

«ҚазҰУ Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін мақсатты түрде жұмыс істеуде. Қазақ тілінің дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекеттік тіліміз көпұлтты Қазақстанда біріктіруші рөл атқарса, Қазақстан мен Қытайдың достығы мен ынтымақтастығын арттыруда байланыстырушы көпірге айналып отыр. ҚазҰУ жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіне үлкен белсенділікпен енуде. Қытайлық ЖОО-лармен әріптестік барысында көптеген жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі ретінде Шанхай шет тілдер университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ашылуын айта аламыз», – деп атап өтті Ғалым Мұтанов.

Қазақстанның жетекші оқу орны – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетелдік ЖОО-лармен халықаралық ынтымақтастықта үлкен тәжірибеге ие. Айта кетерлігі, өткен жылдан бастап ҚазҰУ-дың қолдауымен Пекин шет тілдер университетінде де қазақ тілі пәні жүргізіле бастады.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары нәтиже көрсетті,10 орыннан көрінген университет ТМУ (11 -орын), МФТИ (13-орын),Н.Э. Бауман атындағы ММТУ (20-орын) сияқты ресейлік танымал оқу орындарын басып озды. QS EECA (Emerging Europe & Central Asia – дамушы Еуропа мен Орталық Азия елдері) рейтингіне барлығы 22 елден 251 ЖОО-ы кірді. Олардың қатарында қазақстандық 19 жоғары оқу орны бар. Бірінші орынды М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті иеленді. Екінші орынды да Ресейдің Новосібір мемлекеттік университеті еншіледі. Көшбасшылар бестігіне эстондық Тарту университеті, чехтің Карлов университеті және ресейлік Санкт-Петербург мемлекеттік университеті енді. Рейтинг қортындысы 9 талап бойынша анықталды: олар ғылыми бедел (30%), жұмыс берушілер арасындағы бедел (20%), оқытушылар мен білім алушылардың ара салмағы (15%), шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі (2,5%), шетелдік студенттердің үлесі (2,5%), ОПҚ жарияланым белсенділігі (10%), мақалалардың ғылыми жарияланымы (5%), ғылыми дәрежелі қызметкерлердің үлесі (5%), ғаламтор ресурстардың тиімділігі (10%).

Жүйелі қайта құруды ойдағыдай жүзеге асырған ҚазҰУ әлемдік университет рейтингінде жыл сайын жоғары орынға нәтижелер көрсетуді. Білгілі QS (Ұлыбритания) халықаралық рейтинг агенттігінің 2017 жылы жариялаған зерттеу қорытындысына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдегі үздік 800 университет арасында 236-орынды иемденіп, ең үздік 250 университет қатарынан тағы да көрінді. Сөйтіп Орталық Азиядағы теңдессіз көшбасшы университет екендігін тағы да дәлелдеді. 

QS сарапшыларының айтуымен бүгінде ҚазҰУ-дың феноменалды жетістігі әлемнің үздік университеттері тарапынан зерттелуде. Бұл көрсеткіш университеттің әлемдегі білім және ғылым нарығында жоғары бәсекелестікке қабылетті екендігін дәлелдейді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен кезеңді күрделі құрылымдық жаңғырту жүргізіліп, нәтижелерге негізделген рейтингтік жетістіктерге баға беру, басқару және менеджмент жүйесіндегі процестерді басқару енгізілді.

Әлемнің жетекші университеттерінің мысалында ҚазҰУ жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және халықаралық аккредитациядан өткен білім беру бағдарламаларын әзірлеп енгізді. Мұндай нәтижелерге жетудің бір сыры, әлемдік үздік университеттер рейтингісіне Қазақстандық екі университеттің енуі туралы мақсатты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылы халыққа арнаған жолдауында айқындаған болатын. 

Соңғы жылдары университетте «идеяны өңдеуден коммерциялауға дейін» технологиясы тиімді пайдалануда. ҚазҰУ ғалымдары жарияланым жағынан шетелдік рейтингті басылымдарда алда. 2010-2017 жылдар аралығында жарияланым көрсеткіші 5 есе, ал сапасы жағынан жарияланым 6 есе артты. 

Қалай десем де, ҚазҰУ-мен мақтанамын, тіпті халыққа танымал болып жүрген азаматтарды біздің түлегіміз деп естігенде, көңілім көтеріліп, бір марқайып қалатыным бар. Мен сол тұлғалардың отырған аудиториясында отырып, сол кісілерге сабақ берген ұстаздардан тәлім алып жүргенім маған жігер береді. Әлемдік дәрежедегі білім мен спорт сайыстарында топ жарып жүрген ҚазҰУ студенттері сол аға буынның жалғасы шығар, мен де сол үрдіске ілесе алсам, жетілгенім және самғап ұша алатындай болғаным деп сенемін. 

Сыдыкова Гүлжан, ҚазҰУ университеті Тарих, археология және этнология факультеті Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қаматмасыз ету мамандығының 3-курс студенті.

ҚазҰУ ЖОО
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Автор
(0 оценок)
Изложение
(0 оценок)
Актуальность
(0 оценок)
Я рекомендую
Пока никто не рекомендует

Комментарии

Комментарии предназначены для общения, обсуждения и выяснения интересующих вопросов

Экология
В Атырауской области днём переменная облачность, без осадков, передает РГП "Казгидромет". Температура воздуха ночью 20-25 градусов тепла, днём 27-32 тепла.
Общество
Правонарушитель сбил несовершеннолетнего на велосипеде нарушив правила дорожного движения. Его лишили прав на полгода, передает inAtyrau.kz со ссылкой на пресс-службу Махамбетского районного суда. ДТП произошло в селе Алга Махамбетского района Атырауской области. Водитель, нарушив правила дорожного движения и сбил подростка на велосипеде. Несовершеннолетнему велосипедисту был причинён легкий вред здоровью. Дело по ч.2 ст.610 КоАП РК «Нарушение водителями т...
Происшествия
Ремонт в здании проходил в мае этого года, но во время реконструкции не была обновлена электрощитовая. В здании активно идут восстановительные работы после пожара, передает inAtyrau.kz со ссылкой на Региональную службу коммуникаций. 24-го августа аким Атырауской области провел инспекцию восстановительных работ в Академическом казахском драматическом театра им. Махамбета Утемисова, пострадавшем после пожара. Работы проводят 22 компании, которые решили восст...
Спорт
Главный тренер футбольного клуба «Атырау» Олег Дулуб прокомментировал поражение своей команд в матче 24-го тура Премьер-лиги против «Тобола» (0:2), сообщает kazfootball.kz. Гостевой матч 24-го тура Премьер-Лиги закончился для команды «Атырау» сухим поражением от костанайского клуба «Тобол». «Атырау» уступил со счетом 0:2. После матча главный тренер клуба Олег Дулуб прокомментировал итоги игры. - Вы знаете, это была такая интересная игра против одного из ли...
Общество
Очень жаркая погода сохраняется в нефтяной столице, передаёт inAtyrau.kz со ссылкой на РГП «Казгидромет». По прогнозам синоптиков, днём 25 августа воздух в Атырау до +34..36 градусов. Осадков не ожидается. Ночью незначительно похолодает, будет +24..26 градусов. В Атырауской области днём столбики термометров поднимутся до +37 градусов, местами возможна гроза.
Общество
Больше 50 тысяч услуг предоставил населению специализированный ЦОН, открывшийся в Атырау полгода назад, передаёт inAtyrau.kz со ссылкой на inform.kz. Как отмечается в сообщении, благодаря цифровизации половину услуг посетители получают в электронном виде.  «Это значительно экономит и наше, и их время. А также положительно отражается на качестве услуг. Для демонстрации будущими автолюбителями практических навыков в центре есть четыре автомобиля. Со временем...
Общество
В Атырау на две недели отложили введение платёжных карт в общественном транспорте. Решение о переносе срока приняли по просьбе населения, передаёт inAtyrau.kz со ссылкой на Региональную службу коммуникаций.  Как сообщили в службе, льготники, к числу которых относятся пенсионеры, лица с ограниченными возможностями, студенты и учащиеся, могут приобрести специальные платежные карты на тёплых остановках, расположенных по улице Владимирского и в микрорайоне «Пр...
Спорт
Пловцы из Атырау блестяще выступили на Паралимпийских играх, проходивших в Актобе, передаёт inAtyrau.kz со ссылкой на Региональную службу коммуникаций. Воспитанники тренера Нурлана Жумагазиева завоевали семь золотых и одну серебряную медали. В первенстве республики не было равных победителю Параазиатских игр Ержану Салимгерееву. Копилка его спортивных достижений пополнилась сразу тремя медалями высшей пробы. Ержан стал лучшим на 50-метровой дистанции в сти...
Происшествия
Бизнесмены Атырау и рядовые горожане готовы оказать помощь в восстановлении Академического казахского драматического театра имени Махамбета, где накануне случился крупный пожар, передаёт inAtyrau.kz со ссылкой на КТК. Зданию театра нанесен огромный ущерб: полностью уничтожена кровля, выгорело помещение, где готовили декорации. По уточнённым данным, площадь пожара составила 1 820 квадратных метров. Меж тем волонтеры и служители театра уже приступили к уборк...
Ответственный за раздел
Инна Бугаева
Журналисты сайта inAtyrau.kz к вашим услугам.

Пишите нам, звоните, сообщайте о городских новостях и событиях - мы надеемся, что с Вашей помощью горожане узнают о жизни Атырау больше.

Вместе с Вами мы сделаем наш город лучше!


E-mail: news@in-city.kz
Телефон: +7 700 978 78 31