• Главная
  • Атырауда "Тарихи Түркістан" көрмесі өтуде
Түркістан көрмесі
17:54, 20 октября 2017 г.

Атырауда "Тарихи Түркістан" көрмесі өтуде

Түркістан көрмесі
Атырауда "Тарихи Түркістан" көрмесі өтуде

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Жаһандағы қазақстандық мәдениет» жобасы аясында ұйымдастырылған  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен « Тарихи Түркістан» көрмесінің ашылуы өтті. 

« Түркістан пірі» Қожа Ахмет Ясауи(Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап  XIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» ретінде ашылды.

Атырау өлкесіне қорық-музей қорынан 252 дана құнды жәдігерлері таныстырған көрменің ашылуында сөз алған Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары С.Мирашев көрмені ұйымдастырушыларға зор алғысын білдіріп, облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Жолаевтың Алғыс хаты мен Атырау қаласының бес томдық кітабын қорық-музей қорына табыс етті. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстың Құрметті азаматы О.Қарасаев көрме қызметкерлеріне алғыз білдіріп, сәттілік тіледі.

-Бүгінгі жасалып жатырған шара игі іс. Қожа Ахмет Ясауидың тарихи музейі тек Қазақстан емес бүкіл дүние жүзіне белгілі қазақ халқының мақтанышы.  Бұнда тек жәдігерлер емес қазақтың ұлы тұлғаларының көпшілігі Қожа Ахмет Ясауидың жанына барып жерленген. Мысалы біздің Атырау облысынан Жиембат батыр. Тарихты білу, оларды дәріптеу зиялы қауымның міндеті.  Сондықтан мына Қожа Ахмет Ясауиден келіп отырған қызметкерлер үлкен істі тындырып отыр деп ойлаймын. Ендеше, Атырау халқына  көрсетерлеріңіз көп болсын!    

Аманғали Әміржанұлы –ҚР Мәдениет қайраткері, өлкетанушы, тарихшы, көрме қонағы

-Бұл көрмені мен Атырау жерінде екінші рет көріп отырмын. Көрген сайын өте жақсы ісерде болып отырамын. Себебі, Түркістанда қазақ үшін аса бір қасиетті жердің бірі. Түркістан да Сарайшық қаласы сияқты Қазақ хандығының алғашқы астаналарының бірі.  Қазір көпшілігінде біз мұсылман ретінде «Мәдинеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет, Маңғыстауда Пір Бекет» деп сыйынамыз. Бұның барлығы біздің бабаларымыздың мұсылман дініне шын берілгендігі,оны қастерлегендігі. Құран талаптарын орындауға тырысып жалпы бұқараны мұсылман дініне баулуға жасаған асыл істері. Соның барлығы мына Түркістан мұражайынан бастау алады.Бүгін өте жақсы деректерді көріп риза болдым.  Бізге осындай Түркістанды көрсетіп қуантқан бауырларымызға алғысым шексіз.

Атырауда "Тарихи Түркістан" көрмесі өтуде, фото-1

Төре Пангерей - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 2- курс магистранты

-Бүгінгі өтіп жатқан шара өте орынды. Мұнда көптеген тарихи жәдігерлер қойылған. Мысалы  бұны әрбір адам Түркістанға барып көре алмауы мүмкін. Осындай мұражайлардың арқасында бізде тарихымен танысып жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе.  Менің ойымша, шара әрмен қарай өз жалғасын табу керек. Тек қана Түркістан музейі емес, басқа да музейлер әрдайымда өзінің  жәдігерлерімен  қуанта берсін.

Бір ай бойы Ақжайық жұртшылығына есігін айқара ашатын көрмені әлі келіп тамашалауыңызға болады.

Суретті түсірген: Айдос Каримов

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#музей #жәдігер
Объявления