• Главная
  • Қазақ тарихындағы махаббат оқиғалары
Дебат
10:25, 20 октября 2017 г.

Қазақ тарихындағы махаббат оқиғалары

Дебат
Қазақ тарихындағы махаббат оқиғалары

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  университеттінде « Funtime» пікірсайыс орталығы мен « Senator»  пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен кезекті пікірсайысшылардың достық кездесуі өтті. Ақпараттық талдау орталығының теолог маманы,  ауыспалы кубоктың екі мәрте иегері Ернар Абзалұлының бұл жолғы қарсыласы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университететінің тарих мамандығының 2- курс студенті, кітап десе ішкен асын жерге қоятын Марина Аманжолова болды.  Атырауда ПДФ (Президенттік демократия форматында) ұйымдастырылып жатырған алғашқы ойындардың қарастырған тақырыбы «Бұл кандидат қазақ тарихындағы махаббат оқиғаларын иллюзия деп есептейді».

 Дебат-француз тілінен аударғанда «талқылау» дегенді білдіреді.  Қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді ортаға алып, шынайы фактілерге сүйену арқылы аудиторияда еркін сөйлеуге, өзіндік пікіріңізді ашық айтуға тәрбиелейтін дебат  жастар арасында жоғары сұранысқа ие болып отыр. Жеребе бойынша таңдалған ойында президент мүшесі ретінде М.Аманжолова ойынның шымылдығын ашты. Иллюзия- көз алдаушылық немесе көз бояушылық. Нәтижесіз махаббатты құндылық ретінде ала отырып, қиял ұғымын аргумент ретінді қолданып Қыз Жібек пен Төлегенге мысал келтірді.

 Төлеген өзінің әкесі мен анасына қарсы шығып, әлемдегі ең сұлу қызды іздеді. Ол жерде Жібектің ақылы ешқандай рөл ойнамады, ойында тек сұлу қыз ғана болды. Оны көрмесе де  4 айға  жуық айшылық жерде оңтүстіктен батысқа дейін сапар шегуі оның қиялдауынан туған. Жібекті көріп бақытты боламын деп ойлап,  өзінің махаббатының жауапты немесе жауапсыз боларын да ескермеді. Бар болғаны тәтті қиялмен алданып, әрбір кездескен сұлуға Жібек пе деп елеңдей қарады. Жібек емес екенін білгенде көңілі тез суып кете салады. Яғни, махаббат тез суып кете салатын бір сәттік сезім немесе қиял. Жібектің анасын көріп, Жібек екен деп анасына жыр арнап, кейін  Жібек емес екенін біліп көңілі суып кетеді. Төлеген Жібекке үйленемін, бақытты боламын деп ойлайды. Соңы қалай болды? Бүкіл халықтың алауыздығына әкеп соқтырып, трагедиямен аяқталды. Ол махаббат па? Жоқ, ол махаббат емес, ол илююзия. Жәй ғана алдау. Оларада махаббат болды, алайда ол қиялдаудан тұрды. «Ендеше, қазақ тарихындағы махаббат оқиғалары иллюзия»- деп Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпанындағы» 15 жастағы қызбен 80 жастағы шалдың арасында  сыйластықтан басқа қандай махаббат болатынын дәлелдеп, Ж. Аймауытовтың «Ақбілегіндегі» капитан мен Ақбілек махаббатын да иллюзия ретінде көрсетті.  

Бүгінгі ойын бойдақтың өміріндегі соңғы ойын екенін, жуырда отбасын қүрғалы жатырғанын сөзге тиек етіп кандидат үміткері ретінде өз ойынын бастаған Ернар Абзалұлы қарсылас спикерінің дефиницияларына келісе отырып,  ешбір нәтижесіздің немесе нәтижелілік иллюзияға дәлел бола алмайды.Ол нәтижелі немесе нәтижесіз аяқталса да нәтиже онда еместігін, ғашық боласың сөйтсең сен ғашық емес екенсің дегендей қарапайым сөздермен мысал келтірді.Төлеген сұлу қыз іздеді демек ол сұлу қызға ғашық болды.  Яғни, бар нәрсе. Өйткені, жан дүниесінде ғашық болды. Иллюзия-  ол сағым, шынайы емес  жоқ нәрсе.  Ал, Төлеген шынайылықты іздеді. Анасына өлең арнады. Неге? Ол әрине, ішіндегі кернеп бара жатқан ғашықтықтан шығарды. Мысалы: су жоқ шөл далада сағымда суды көресің, бірақ жақындап қарасаң су емес. Сол сияқты өлеңді ғашықтығынанан арнады. Ол алдынан түйе шықса да басқа шықса да өлең арнайтыны сөзсіз анық еді. Себебі көзсіз ғашық болды.. Демек, бұл ешқандай иллюзия болмайды. Қазақтың  «Махаббат жасқа қарамайды» деген мақалын принципке ұстанып Ұлпанда осы мақсатта тұрмысқа шықпағанына кім кепіл?! Махаббатты тек екі жақты деп түсінбеу керек. Жібек те махаббат болмауы мүмкін, алайда Төлегенде болғаны анық.. Иллюзия деген екеуінде де махаббат болмайды деп түсіну керек. Қазақ тарихындағы махаббат  оқиғаларының иллюзия еместігінің ең үлкен құндылығы оның нәтижелілігі. Ғашықтыңтық да 2 түрі бар. Обьективті ғашық болу-жалпылама ғашық болу. Мысалы: Алаш орданың азаттыққа ғашық болуы, махаббат қоюы. Нәтижесі болды ма?  Бұл иллюзия емес екенін сіз де мен де анық білеміз.Кейін Кенесары ханның азаттыққа қойған махаббаты ше? Махаббат оқиғасы болып есептеле ме? Әрине, есептеледі. Әбілқайыр ханның дипломатияға, қазақ халқының азаттығы үшін қойған махаббаты ше? Махаббат болып есептеледі ме? Демек,  обьективті махаббат иллюзия болып есеептелмейді. Субьективті махаббат-ол адам мен адамның ғашық болу оқиғасы. Қыз Жібек пен Төлеген  иллюзия емес, ешқандай алданған жоқ. Төлеген мен Жібекті де, Алашордалықтар мен  Кенесарыны  да өз түйсіктері алдаған жоқ. Олар мақсат-мұраттарына жетті Яғни,қазақ тарихындағы махаббат оқиғалары иллюзия емес. 

Осы күнге дейін Атырау пікірсайыс орталығы мен « Senator»  пікірсайыс клубының президенті ретінде қызмет атқарған А.Құрметұлы ресми түрде  Ж.Мұғалімовті Атырау пікірсайыс орталығының Б.Закарияны  « Senator»  пікірсайыс клубының президенті ретінде сайлады.                                                                                                           

Өз позицияларынан тайқымаған спикерлердің төрешілер мен көрермендердің ұйғарымы бойынша жеңіс Е.Абзалұнының қанжығасына байланды. Ойыншылар өзара қол алысып, сыйлықтармен марапатталды.

Суретті түсірген: Данияров Құдияр

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#дебат #спикер
Объявления
live comments feed...