15:40, 18 октября 2017 г.

Құқық қорғау орталығы ашылды

Құқық қорғау орталығы ашылды

Атырауда құқық қорғау орталығы ашылды.  Көмекке зәру жандар түрлі мекемелерден көмек алу үшін қаланың бір шетінен екінші шетіне сабылса, енді олай жүрудің қажеті жоқ. Білікті заңгерлер, тәжірибелі адвокаттар, медиаторлар, сот орындаушылар, нотариустар, ювеналды қызмет және пробация қызметкерлері жұмыс жасайтын бір ғимаратта орналасқан құқық қорғау орталығы әрдайым халыққа кеңес беруге дайын.

«Әркім заң көмегін алуға құқылы, осыны ескере отырып, біз азаматтарға қажетті, қолайлы жағдай жасауға тырысып жатырмыз. Жақында облыс прокуратурасында азаматтарды қабылдауға жаңа жағдай жасаймыз. 5 институционалды реформа бойынша Елбасының Ұлт жоспары – 100 нақты қадам бағдарламасын іске асыру шеңберінде біз азаматтардың құқықтарын қорғау сапасын жақсарту үшін барлық жағдай жасалады, басты мақсаттарымыздың бірі құқық қорғау органдарына халықтың сенімін арттыру», – деді  облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.

Орталықтың ашылуына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, прокуратура ұжымына және орталық қызметкерлеріне сәттілік тіледі. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#құқық #орталық
Объявления
live comments feed...