• Главная
  • "Үздік педагог" байқауының жүлдегерлері
15:00, 18 октября 2017 г.

"Үздік педагог" байқауының жүлдегерлері

"Үздік педагог" байқауының жүлдегерлері

Атыраулық үш ұстаз «Үздік педагог-2017» республикалық байқауының жүлдегері атанды. Барлық өңірден 600-ге жуық мұғалім қатысқан байқауда 48 ұстаз марапатталған. Білім саласының озат мамандарын анықтау мақсатында ұйымдастырылған сайыста ожалы оралған жерлестеріміз- облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Қуандықова, Атырау қаласындағы Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Ақманар Жиенқұлова мен Атырау политехникалық  колледжінің оқытушысы Саяхат Бекмұрзиева «Үздік педагог» төсбелгісіне ие болды. Оларды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қабылдап, құрмет көрсетті.

«Бұл жетістік – бүкіл облыс мұғалімдерінің жеңісі. Ылғи сынды айта бергеннен гөрі, осындай жетістіктерімізге де тоқталып тұрғанның артығы жоқ. Соңғы жылдары білім саласына барлық мүмкіндік жасалуда, құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған, инклюзивті білім беру, тәрбие мәселесі өңірде жоғары деңгейде жүзеге асып келеді. Атыраулық ұстаздардың еңбегі еленіп, жетістіктері көбейе берсін»,-деді қабылдауда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Суретті түсірген: Ерлан Алтыбаев

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#байқау #жүлдегер
Объявления
live comments feed...