• Главная
  • Спикерлер өзіндік тәжірибелерімен бөлісті
мастер класс
17:11, 15 октября 2017 г.

Спикерлер өзіндік тәжірибелерімен бөлісті

мастер класс
Спикерлер өзіндік тәжірибелерімен бөлісті

Қазақстан жастар конгресінің 15 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға арнайы шақыртылған спикерлердің бірі- Олжас Сүлейменов.  Болашақ бағдарламасымен Қытайдың Шанхай қаласындағы Тонгджи университетінде  инженер-құрылысшы  мамандығы бойыншы білім алған. Қазіргі таңда «SHEBERBUILD» құрылыс компаниясының бас директоры болып қызмет атқарады.  Тоғыз жыл Шанхайдың тұрғыны болып, Қазақстан мен Қытай арасында жол салған Олжас кездесу барысында жастарға « Кәсіпкер деген кім?», « Қандай кәсіппен айналысу керек?», «Кәсіпкер болу үшін не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап беріп, өзі көрген Аспан асты елі мен  қазақ елінің экономикасындағы айырмашылықтармен бөлісті. « Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» дегенді жоққа шығарып  «Бай мен кедейдің  баласын білім теңестіреді» деп өзіндік ойымен бөлісіп,

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.»- деген Абай атамыздың сөзі арқылы жас ұрпаққа  сенім сыйлады.  Сонымен  қатар Жастар корпусын дамыту жобасының үйлестіру агенттігінің жетекшісі, "Ұлттық еріктілік желі" ЗТБ төрайымы Вера Ким «Еріктілік − жүрек қалауы», «Open space» алаңы туралы жас еріктілерге өзінің тәжірбиесімен бөліссе,  "Жасыл ел" еңбек жасақтары Республикалық штабының жетекшісі Тоқтар Болысов қатысушыларға «UPGRADE» жаңа жобасы туралы баяндама жасады.

«UPGRADE» жаңа жобасының басты мақсаты − біз оның көмегімен  халықтың назарын еліміздегі ең өзекті проблемаға аудара отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарына өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасап, балалар үйлерінің инфрақұрылымын жақсартамыз. Сонымен қатар, еліміздегі маңызды орындардың аумақтарында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу арқылы проблемаларды жоюға көмектесеміз. Қарусыз қалған үйлер де жаңартылады.

Қазіргі таңда баларға арналған ойын алаңдарында тек цемент болғаннан кейін, ол бүлдіршіндердің еркін ойнауына қолайсыз. Сондықтан да, біз ойын алаңдарында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу арқылы балалардың жағдайын жасауға тырысамыз.

Жастар еңбек жасақтарының жауынгерлері осы уақытқа дейін бірнеше көмекке мұқтаж жандарға барынша көмектесіп келеді. Олардың  көмегімен көптеген ардагерлер мен әлеуметтік тұрғыда жағдайлары төмен үйлерді қалпына келтіріп жөндеп беруге бар күштерін аямады.

Ал жаңа жоба бойынша азаматтардың өмірін жақсартып, азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін демеушілерді, ҚР депутаттарын және мемлекеттік органдардың өкілдерін тарту жоспарланып отыр. Жоба қатысушылары проблемаларды жойып, жетілдіру бойынша сыртқы және ішкі жұмыстарды орындайтын болады.

Вера Ким − «Қазақстанның 100 Жаңа тұлғасы» жобасын іріктеуге қатысушыларының бірі, бірінші Ұлттық ерікті желісін құру бастамашысы.12 жылдан астам еріктілермен жұмыс жасау бойынша жаттықтырушылар, координаторларды даярлау бойынша кәсіби халықаралық тренер, «Ерікті қызмет туралы заң» жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының, Президенттік жастар саясаты кеңесінің мүшесі.

Бұрын еріктілік туралы көбісі білмейтін. Тіпті ерікті болу бұл бос дүние деп те ойлағандар бар. «Ерікті» немесе «өзі тіленіп жұмыс істеуші» терминдері өткен ғасырдағы 80-ші және 90-шы жылдардың басында Қазақстанда алғашқы ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) қалыптаса бастаған кезден бастап кеңінен қолданыла бастады. Біздің елдегі еріктілерге арналған «Қазақстандағы еріктілер» атты зерттеудің авторлары «еріктілер» немесе «өзі тіленіп жұмыс істеуші» түсініктерін қоғамдық ұйымда жұмыс істейтін (немесе мемлекеттік секторда), белгілі бір міндеттерді орындайтын және еңбекақы және басқа да, ақшалай дотация түрінде материалдық сыйлықақы алмайтын адам деп анықталған. Шыны керек, қазіргі таңда ерікті болу бұл сәнге айналған секілді. Өйткені, сен ерікті болып жүріп достарыңның қатарын көбейтіп әр саланы, атқарылып жатқан шаралар туралы үнемі хабардар болып жүресің. Ерікті қызметі бұл өте қызықты дүние. Себебі, бұл жерде жастардың энергиясы бар. Мен бұрындары еріктілік туралы мүлде білмейтінмін. Тіпті, ерікті болып жүргендерді көріп оларға таңқала қараушы ем. Бір сөзбен айтқанда ерікті болуды жақтыртпадым. Кейіннен ерікті болып қызметке келгеннен кейін, көптеген дүниені түсініп, өзіме ақпараттар жинадым.

Еріктілер олар өз еркімен келіп тапсырылған жұмысты атқаратын жандар. Қазіргі таңда елімізде еріктілерге барлық жағдай жасалған. Алайда, кейбір жандар еріктілердің кім екенін білмейді. Мен ерікті болып 17 жылдан бері қызмет атқарып келемін. Себебі, мен ерікті болып қызмет бастайтын шағымда сенің өмірімде бос уақыт өте көп болды. Өмірде уақыттан бағалы нәрсе жоқ. Сол себепті, мен өз бос уақытымды пайдалы іске жұмсап білім іздегім келді. Еріктілердің еңбегі − ақысыз. Олар тек альтруистер емес, олар тәжірибе алып, дағдыларды және білімдерді арттырып, дербес қарым-қатынастың қағидаларын білу үшін жұмыс істейді. Көбінесе, еріктілік қызмет – төленетін жұмысқа жол салады. Бұл жерде адам өзін жақсы жақтан көрсете алады. Өзін әртүрлі қызмет аясында сынап көріп, өмірлік жолын анықтай алады. Еріктілер жалғыз өзі немесе топ болып жұмыс істейді. Ерікті болу сізге ешқандай материалдық көмек бермейді. Десе де, сіз ерікті болып жүріп сіз жан-жақты бол аласыз және  жақсылыққа кенелесіз. Бұл сіздің адамгершілігіңіздің белгісі болып саналады. Сондықтан, бос уақытыңызда жақсылық жасауға асығыңыз.

Суретті түсірген: Раниль Насыров

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#спикер #ерікті
Объявления
live comments feed...