• Главная
  • Атырауда Қазақстан жастар конгресі өтуде
Жастар слеті
12:31, 13 октября 2017 г.

Атырауда Қазақстан жастар конгресі өтуде

Жастар слеті
Атырауда Қазақстан жастар конгресі өтуде

Бүгін Атырауда Қазақстан жастар конгресінің 15-жылдығына  арналған бүкіл өңірдің басын қосқан жастар слеті өтуде. 13-15 қазан аралығын қамтитын слет жұмысына Қазақстан жастары конгресінің Кеңесі төрайымы Дариға Назарбаева, танымал тележүргізуші « SS Lab» телелабораториясының негізін қалаушы Сәнді Сұлтан, танымал шахматшы Динара Садуақасова және т.б. жұлдыздар мен саясат, қоғам қайраткерлері қатысады. Жалпы  Қазақстан жастар конгресі 2002 жылы Елбасының бастамасымен ашылып, Ақтау қаласында бастама алған болатын. Қазіргі таңда жұмыс істеп жатқанына 15 жыл толып отыр.Конгрестің жалпы мақсаты- жастардың жастар ұйымындағы мүддесін орнату және мемлекеттік саясатты жастармен дұрыс жүргізу болып табылады. Сол бағытта конгрес аясында «Жасыл ел» бірыңғай еңбек жастары ұйымы, «Жас Ұлан жасөспірімдер ұйымы, «Студенттер алянсы» деген сияқты көптеген алдыңғы қатарлы   100-ден аса ұйымдар құрылды.  Шараға арнайы келген Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры А. Маратұлы «« Биылғы жылғы алға қойылған мақсат- әскери бағыттағы патриоттық бағытты дамыту. Ол бағытта «Жас қару » деген патриоттық ұйым ашылды. Одан бұрын жастар туризмін дамыту, мінез-құлықты дамыту, жастарды спортқа баулу болып табылады. Одан бөлек ең ірі жобаларымыздың бірі осы өткен жылдың соңында біз дүние жүзілік банктың грантын жеңіп алдық. Ол қаражаттың сомасы 20 млн доллар. Жалпы мақсаты ауылдық жастарға көмек беру, ауылдық жастардың бастамаларын қолдау болып табылады. Енді осы Атырау облысының да жастарымен кездесіп, өзіміздің жұмысымыз жайында түсіндіріп белгілі журналистермен,  қоғам қайраткерлері және бизнес өкілдерімен кездестіру мақсатында пікір алмасып, тәжірибе бөлісетін  бүгінгі отырыста жастарды мазалап жүрген мәселер көтеріліп, олардың басын ашуға тырысамыз. Қазіргі таңда біз жеңіп алған грант 4 облыста жүзеге асуда. Жастар жобасын  грант түрінде қаржыландырып, жарты жыл ішінде степендия төлейміз. Бүгінде республика бойынша  106 конгрестік ұйым жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта әскери бағыттағы жаңа бағдарламалар дайындалады. Бүгінгі күнде республика бойынша  « Жас медиа» деген үлкен жоба жұмыс жасау үстінде. Негізгі мақсаты жыл соңында  Астанада қаласында құрылатын  республикалық «Жас медиа» факультетіне журналистерді дайындау» деп алдағы шаралардың  жоспарларымен бөлісті. Әр аймақтан 300-ге жуық қатысушылар жиналған шарада жастар диалогтық алаңдарда жастардың маңызды да өзекті сұрақтарын талқылып, шешімдер іздейді. Танымал тұлғалардың тренингтері мен мастер кластарынан өтеді. Еліміздің саясат және қоғам қайраткерлерімен кездеседеі және «Congress Fest» көше субмәдениеттері фестиваліне қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Суретті түсірген: Раниль Насыров

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жастар #слет #мәселе
Объявления
live comments feed...