• Главная
  • «Алтын домбыра» IV республикалық күй байқауының жеңімпаздары анықталды
17:40, 12 октября 2017 г.

«Алтын домбыра» IV республикалық күй байқауының жеңімпаздары анықталды

«Алтын домбыра» IV республикалық күй байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақстанның xалық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Әзидолла Есқалиев атындағы IV республикалық «Алтын домбыра» күй байқауының жеңімпаздары анықталды.  Екі күнге созылған  байқауының қорытындысына аймақ басшысы Н. Ноғаев қатысып, жүлдегерлерді марапаттады.

"«Әзидолла Есқалиев — әрбір жетістікке өзінің қарапайымдылығымен, өз еңбегімен жеткен тұлға. Бүгінгі күні сол жинаған абырой, атағы мен беделі отбасына, қазақтың өнерінің дамуына қызмет етуде. Қазіргі күні қазақтың ұлттық болмысы — күйді насиxаттап жүрген Әз ағаның шәкірттері де бір төбе. «Соңғы кездері домбыраның мәртебесі төмендеп кетті» дейтіндерге бүгінгі күй байқауы жауап болады. Қазақ барда домбыра бола береді, домбыра барда қазақ бар»,-деген облыс әкімі бас жүлдеге тігілген  1 миллион теңгелік сертификатты Д.Нұрпейісова атындағы xалықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжінің ұстазы Жәнібек Жәмиевке табыс етті.

I орын және 700 мың теңгелік ақшалай сыйлық Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 4 курс студенті Асылбек Дәулетияровқа иеленсе, II орынды және 500 мың теңгелік сертификатты Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 2 курс студенті Ақбөкен Темір мен  Д. Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ xалық аспаптар оркестрінің артисі Ринат Ғимырановтар жеғіп алды.

Жүлделі III орынды Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Әнуар Зинеденов, Әліби Нышан және Әйгерім Неталиевалар қанжығасына байлап, әрқайсысына 300 мың теңгелік сертификат табыс етілді.Байқаудың дипломанттарына 100 мың теңгеден ақшалай  ынталандыру сыйлықтар берілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#сыйлық #теңге
Объявления
live comments feed...