• Главная
  • Ақылдарды тоғысытырып, байланыстарды нығайту
Пленарлық мәжіліс
12:50, 12 октября 2017 г.

Ақылдарды тоғысытырып, байланыстарды нығайту

Пленарлық мәжіліс
Ақылдарды тоғысытырып, байланыстарды нығайту

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Ақылдарды тоғысытырып, байланыстарды нығайту» деген тақырыптағы Каспий маңы елдерінің мемлекеттік универсиететтері Ассоциациясының ХХ мерейлі бас Ассамблеясының пленарлық мәжілісі өтті. Каспий теңізі мәселелерін шешу және Каспий маңы аймағында біртұтас білім беру кеңістігін құру бойынша кұштерді біріктіру мақсатында 1996 жылы құрылған Ассоциация бүгінде аймақтақ білім беру және ғылыми қоғамдастық өзара іс-әрекет етуі үшін бірегей пікірлесу алаңы ретінде өз миссиясын сәтті іске асырып келеді. Ассосация құрамында Азербайжанның 7 университеттері, Иранның 10 университеттері мен 16 институттары, Ресей Федерациясының 11 жоғарға оқу орны мен 4 ғылыми зерттеу институттары оның ішінде, Дағыстанның және Калмыкияның, Қазақстанның 4 жоғарғы оқу орны мен 2 ғылыми зерттеу институты және Түркіменистанның 1 университеті бар 55 мүшелерді енгізген. Университеттер арасындағы байланысты нығайтып оның қызметін жаңа кезеңде мүдделер саласын кеңейту мен Ассоциация мүшелері арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға иноовациялық тәсілдерді енгізу мақсатында өткізіліп отырған шараға облыс әкімі Н.Ноғаевта қатысты. « Қайырлы күн құрметті әріптестер, құр етті қала қонақтары! Сіздерді бүгінгі облысымыз үшін елеулі оқиғамен құттықтай отырып, бүгінгі жиналысымыздың сәтті өтуіне шын жүректен тілектеспін! Бүгін мен осында сіздермен бірге қатысып отырғанымен қуанышмыны! Өйткені, бүгінгі кездесу барлық Ассамблеяға қатысушыларға жаңаша серпіліс беретініне сөзсіз сенемін. Біз бүгінде Елбасымыздың шебер саясаткерлігі мен керемет біліктілігінің арқасында бізге осындай мүмкіндіктерге ие болып отырмыз. Сол мүмкіндіктердің арқасында қазіргі бақосуымыз баршамызға бірдей мақсаттағы әлемдегі ең мықты деген университеттер басшылары жиналып еліміздің дамуы туралы мәселелерді қозғағалы отырмыз. Қазіргі уақытта 40-қа жуық Ассациация мүшелері қатысып отыр. Барлығымыздың мақсатымыз болашақтағы даму. Өйткені, басқа елдермен иық тірестіру үшін біліктілк пен білімділікті ұштастырған жан-жақты болу шарт. Оттай қызу, қылыштай өткір, селдей серпінді жастарға барлық мүмкіндіктерді жасау біздің шарт. Қазақстанға, Атырауға жасаған сапарларыңыз үшін сәтті әрі тиімді болғай.» деп Ассоциация қатысушылары мен қонақтарына сәттілік тіледі.

Суретті түсірген: Данияров Құдияр

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Ассамблея #жиналыс
Объявления
live comments feed...