• Главная
  • "Алтын домбыраның" бірінші кезеңі аяқталды
Күй байқауы
03:04, 11 октября 2017 г.

"Алтын домбыраның" бірінші кезеңі аяқталды

Күй байқауы
"Алтын домбыраның" бірінші кезеңі аяқталды

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет,мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашалағы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен ҚР Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері,профессор Әзидолла Есқалиев атындағы IV республикалық «Алтын домбыра» күй байқауы басталды.

«Күй жанрының шынар шегіне жеткен xалықтың дара ұлы Әзидолла Есқалиевті еске алуға арналған күй кеші Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушы Аxмет Жұбановтан тәлім алған, күй анасы — Динаны көріп, оның орындаушылық шеберлігіне қаныққан Әз ағаның атындағы күй байқауы жастардың шеберліктерін шыңдай түсетіні сөзсіз. Күй өнерінің майталмандарынан құралған қазылар алқасының алдында өнер көрсетудің өзі жетістік» деп облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев  сәттілік тіледі.                                                                                                 Байқаудың екінші кезеңіне үздік деп танылған 19 қатысушының ішінен 11 ғана іріктеліп алынды. Олар:

1.Əнуар Зинеденов (Алматы қаласы)

2.Темір Ақбөкен (Алматы қаласы)

3.Əлиби Нышан (Алматы қаласы)

4.Ринат Ғимранов (Атырау қаласы)

5.Айгерим Неталиева (Алматы қаласы)

6.Бекарыс Мусаев (Маңғыстау облысы)

7.Тұрсынзада Əлімжанова (Алматы қаласы)

8.Мұқағали Амирханов (Астана қаласы)

9.Нұрай Зинор (Атырау қаласы)

10.Асылбек Давлетияров (Алматы қаласы)

11.Жəнібек Жəмиев (Атырау қаласы)

Байқау жеңімпазына 1 000 000 теңге ақшалай сыйлық тігіліп отыр. Сол себепті өнерпаздарымызға артылған  жүк те  ауыр.  Байқаудың келесі кезеңіндегі жүзден жүйрік мыңнан тұлпарларды бірге анықтауға 11 қазан күні сағат 10:00-де филармония залына  келіңіздер!

Суретті түсірген: Ерлан Алтыбаев

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#күй #домбыра
Объявления
live comments feed...