• Главная
  • "Беріш-Себектің" тұсауы кесілді.
Тұсаукесер
01:07, 11 октября 2017 г.

"Беріш-Себектің" тұсауы кесілді.

Тұсаукесер
"Беріш-Себектің" тұсауы кесілді.

"Беріш-Себектің" тұсауы кесілді.

Бүгін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде  белгілі өлкетанушы, ардагер ұстаз  З. Ахметжанұлының « Беріш-Себек» шежіре кітабының тұсауы кесілді.  «Мен тарихшы да, шежіреші де емеспін, намысымды жанып, бұрыннан барын жиып, жоғын түгендеп жидым» деп автордың өзі айтпақшы халықтың шығу тегі мен терең тарихын келешек ұрпаққа жеткізу аға буын  өкілдерінің борышы.                                                     «Өткенімізді білмей, болашаққа ұмтылу мүмкін емес. Сондықтан ««Жеті атасын білген ер Жеті жұрттың қамын жер» деген ұлағатты сөз жалғасын табуда. Бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде өткен тарихымызды түгендеу басты парыз. Кешегі  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру мақаласында  «Туған жер туралы бағдарламасына сай  басқосуымыз  бүгінгі тұсауы кесілмекші болып отырған кітаптар сияқты  жазбалардың арқасында біздің ұрпағымыз  өзінің ата-бабасын танып, ағайын-тумасын біліп өседі. Бұл руға бөліну деген әңгіме емес немесе руды мадақтау  деген емес. Қан таза болу, тектілікті сақтау» деп мемлекет қызмет саласының зейнеткері, таукен инженері С.Сағынұлы сөз сөйлеп, З.Ахметжанұлы екеуі кітаптың тұсауын кесті.      

Суретті түсірген: Данияров Құдияр                                                                                       

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#тарих #шежіре
Объявления
live comments feed...