
13:14, 9 октября 2017 г.
Итоги велопробега и кросса на День города
Қала күніне арналған велошерушілер шарасының
баспасөз- релизі
Атырау қаласының күніне орай 7 қазан күні Атырау қаласы орталығында велошерушілер жарысы ұйымдастырылды.
Шараға өңір басшысы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысып, шараға қатысушыларды арнайы құттықтап, өзі де велошеруге қатысты.
Өңір басшысымен бірге қала жұртшылығы велошеруге облыс әкімі орынбасарлары, қала әкімі С.Шапкенов, қала әкімі орынбасарлары, мекемелер мен ұйымдар басшылары, мемлекеттік қызметшілер, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында білім алып жатқан жастар де белсене қатысты.
Велошеруге барлығы 500 жуық велосипедшілер қатысып, олар жалпы ұзындығы 9,5 шақырым болатын жолды велосипедпен жүріп өтті.
Қаладағы Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының алдынан басталған велошеру Махамбет, Азаттық, Мұхтар Әуезов, Зұлқарнай Ғұмаров, Қаныш Сәтпаев көшелері бойымен жалғасып, облыстық әкімдік ғимараты жаяу жүргіншілер көпірінде қорытындыланды.
Велошеруді қорытындылаған аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев оған қатысқандарды қала күнімен құттықтап, алғысын жеткізді. Сондай-ақ, велошеруге қатысқан ең жасы үлкен қарияны, ең кішкентай бүлдіршінді, отбасымен түгел қатысқан жанұяны және велошерудің мәресін алғаш болып аттаған шабандоздарды, ең краетивті велосипед иелерін номинацияларымен марапаттап, су жаңа велосипедтерді тарту етті.
Верошеруге қатысқан ең үлкен қатысушы 60 жастан асқан қария Дархан Нәсіпқалиұлы болса, ең жас қатысушы 6 жастағы Әмірхан Ринатұлы есімді қала тұрғыны және отбасымен қатысқандар Хисметовтер жанұясы болды. Олар да бағалы сыйлықтар, арнайы дипломмен марапатталды.

Қала күніне арналған жаяу жүгірушілер жарысының (кросс) шарасының баспасөз- релизі
Атырау қаласының күніне орай 8 қазан күні Атырау қаласы орталығында жаяу жүгірушілер жарысы ұйымдастырылды.
Шараға қала әкімі, Жеңіл атлетика Атырау облыстық Федерациясының Құрметті президенті Серік Шапкенов қатысып, шараға қатысушыларды арнайы құттықтап, өзі де кроссқа қатысты.
Шаһар басшысымен бірге кроссқа облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Бекет мемлекеттік қызметшілер, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында білім алып жатқан жастар де белсене қатысты.
Жарысқа барлығы 500 аса желаяқтар қатысып, олар жалпы ұзындығы 4 шақырым болатын жолды жүгіріп өтті.
Жүгушілер қала әкімідігі жанынан бастап, Жайық жағалауымен жаяу жүргіншілер көпіріне, Жеңіс саябағында мәре сызығын кесті.
4 шақырымға созылған кросс жарысына 14 жастағы балалардан бастаса, ең үлкен қатысушы 70 жастағы қария болды.
Үлкендер арасындағы жарыста бірінші келгендер көршілес Ресей Федерациясының Астрахань қаласынан келген Базарбай Дауталиев и Аделя Шабанова, ал балалар арасында Дильназ Саудабаева и Нұртай Қазиев жеңіске жетті.
Жарыс соңында Жеңіл атлетика Атырау облыстық Федерациясының Құрметті президенті, қала әкімі Серік Шапкенов, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет, “Infinity” фитнес-клубының өкілдері қатысушыларға сыйлықтар, ақшалай серификаттар мен арнайы дипломдарды табас етті.




Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:12
Вчера
17:13
31 декабря 2025 г.
13:17
31 декабря 2025 г.
11:20
31 декабря 2025 г.
10:52
31 декабря 2025 г.
09:33
31 декабря 2025 г.
Объявления
10:07, 29 декабря 2025 г.
12
17:05, 21 декабря 2025 г.
10:53, 23 декабря 2025 г.
53
10:53, 23 декабря 2025 г.
22
10:53, 23 декабря 2025 г.
15