13-teatr-im-makhambeta-v-atyrau«№ 13» пьесасы – соңғы онжылдықтағы ең үздік комедиялардың бірі. Рей Кунидың бұл тырнақалды туындысы 1991 жылы үздік ағылшын комедиясы ретінде  Оливье Лоуренс атындағы сыйлықпен марапатталған.

Қойылымның оқиға желісі қонақ үйдегі №13 бөлмеде көрініс табады. Сюжеттің ирониялық сатирасы үш кейіпкердің айналасында өрбиді.  Басты екеуі – беделді саясеткер мен оның хатшысы. Үшінші артық адам – екі көңілдестің кездесуін бұзған қарақшының мәйіті. Абыройына нұқсан келтірмеу үшін бас кейіпкер полицияға да хабарласа алмайды. Күтпеген жерден мәйітке тап болған көңілдестер одан құтылудың амалын іздейді.