Авторы: Р. Отарбаев
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы-режиссер – Ю.Ханинго-Бекназар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор
Қоюшы-суретші – Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері
Киім үлгісі суретшісі – Л.Возженикова
Режиссер ассистенті – А.Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Балетмейстер – Г.Мұхамеджанова
Музыкамен көркемдеуші – Е.Есенбаев
Сахна сайысын қойған – А.Байлин
“Жетіген” – Е.Құсайынов
“Ер Туран” – “Тұран” тобы, “Мысыр” сазы
“Intro” – “Еny time” тобы
“VMUNTESEN YUFYIL” – Kusursuf AK
“Көроғлы” – “Тұран” тобы
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
БЕЙБАРЫС СҰЛТАН – А.Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
САУДАГЕР – Н.Әбілов
ПҰЛЖЕТПЕС – С.Құлымбетова, С.Бақаева
АНА – Ш.Асқарова, ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
БАС УӘЗІР ХУАН – Б.Тұрыс, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
ИСА ТҰРАН ШАХ – Б.Қаптағай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
М.Нұрәсілов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
ЛЮДВИГ IX – Б.Қожа, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, А.Сейтметов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
ФАТИМА(ШАХТЫҢ ӘЙЕЛІ) – Д.Жүсіп, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Жанысбекова
ҚАЛАУЫН – Е.Дайыров, ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
ҚҰТІЗ – А.Шаяхметов, ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
ТӘЖІ БАҚЫТ – А.Бөкенбай, Г.Шыңғысова
ЖАС ҚЫПШАҚ – Е.Тұрыс
МӘМЛҮКТЕР – Т.Сағынтаев, Қ.Мамытқалиев, Д.Мұсаев, Е.Бектасов, Е.Тұрыс, Ж.Тинбаев, Ж.Байсалбеков
Көпшілік сахнасында театр артистері
Дешті қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277) – қатардағы құлдан Мысыр елінің ойлы да кемеңгер билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген тағдыры өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Қаншалықты биік атақ-даңқ пен аса зор билік әлеуетіне ие болса да Бейбарыс бабамыздың жүрегін мәңгілік бір сағыныш сыздатып өткен. Туған ел-жеріне, сайын даласына, жусанның ашқылтым иісіне деген сол сағыныш – спектакльдің де негізгі лейтмотиві. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді халық бекер айтпаса керек…