Құрметті қала тұрғындары! Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 26-маусым Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орай «Спорт – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен 2017 жылдың 26 маусым күні сағат 18.30-да «Махамбет-Исатай» алаңында кең көлемді акция және веломарафон өткізуді жоспарлауда. Веломарафон маршруты: Тайманов көшесімен №4 Ю.Гагарин атындағы орта мектепке дейін барып, кері қайту. Шараға ниет білдірген кез-келген жастағы тұрғындар өз велосипедімен қатыса алады. Ендеше, барлықтарыңызды әдемі көңіл-күй сыйлайтын акциямызға және Веломарафон шеруіне қатысуға шақырамыз. Акция барысында Сіздер кинологтардың, спортшылардың өнерлерін, сонымен қатар әсем әуен мен би өнерін тамашалай аласыздар. Келіңіздер, көріңіздер, қатысыңыздар!