Атырауда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай БАҚ өкілдері арасында футзалдан облыстық турнир өтеді. Ал бақ пен бап сынға түсетін айтулы жарысты «Атырау-Ақпарат» ЖШС ұйымдастырып отыр.

Жарыстың жүлде қоры қомақты. Бірінші орынға — 100 мың теңге, екінші орынға — 70 мың теңге, үшінші орынға — 30 мың теңге тігілген.

Турнир 24 маусым күні, сағат 09:00-де Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде басталады.