Өтетін орны: Облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры, Абай 8 көшесі
Автор: Александр Володин
Премьера күні: 8-9 шілде 2025 жыл
Режиссер: Жанат Телтаев
Суретші: Темірбек Мұхтаров
Жанр: мелодрама
Ұзақтығы: 120 минут
Жас шектеуі: 16+
Өмірдің сұрағы – көп, жауабы – аз. Жанып сөнетін жалған-дүниенің жұмбағын шешкен жандар бар ма екен, өзі?! Кездесу, сосын қоштасу... Ессіз сүю, сосын жек көру... Шаттану, кейін қайғыру... Жылдар жылжып, айлар ағып өте береді. Сіз де, сол жүйрік-уақыттың арасында шаң қауып қалған жоқсыз ба?!.. Өмірдің мәні – кездесу мен қоштасу ма? Қоштасатын болсақ неге кездесеміз? Ақыры тағдыр кездестірген екен, жақын жандарымызбен неге қоштасамыз?