Өтетін орны: Облыстық Махамбет атындағы  Академиялық  қазақ драма театры, Абай 8 көшесі

Автор: А.В.Сухово-Кобылин

Премьера күні: 4 маусым 2025 жыл

Режиссер: Барзу Абдураззаков

Суретші: Мурат Мамбетов

Жанр: трагифарс

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 16+

 

 

Бір қарағанда – бұл пьеса жемқорлық туралы. Бірақ, одан да тереңде жатқан шындық бар. Шын мәнінде, жемқорлық бұл жерде салдар ғана. Ол-айсбергтің ұшар басы, ал астында алапат тереңдік бұрқ-сарқ қайнап жатыр: отбасының ыдырауы, әділетке, болашаққа, адамға және Құдайға деген сенімнің жоғалуы.

«Іс»-жан айқайы. Адамзатты көлеңкеге айналудан құтқару үшін жасалған үлкен талпыныс.