Өткізу орны: Атырау қ., Абай көшесі, 8, Махамбет атындағы драма театры
Спектакльдің авторы: Жұмекен Нәжімеденов әңгімесінің желісінде инсценировкасын жасаған Бақытгүл Бабаш
Премьера күні: 27.09.2019 ж
Қоюшы Режиссер: Мұханғали Томанов
Жанр: драма
Ұзақтығы: 1 сағ. 15мин
Жас шектеуі: 14+
Қосымша:
Актерлар:
Тасболат – Қуанышбек Хайруллин
Жұмекен – Елтай Шаманов
Солдат – Сәкен Шынтеміров.
Көпшілік – Жастар театрының актерлеры.
Ол әр үйге майдан даласынан сағыныш хаттарды жеткізгенше асығатын. Балалықтың бал дәмі тым ерте кермек татыды. Алыстан алаңдатып жеткен сәлемді қасірет пен қайғының «қара қағазы» алмастырды. Кесапаттың барлығына өзін кінәлідей сезінген бала жүректің соғысқа кеткен туған ағасының «ерлікпен қаза тапқаны» туралы хабарды оқығандағы халін сезіну тым ауыр...

