Боран. Атырау қаласына іс-сапарӨтетін жері: Атырау қаласы, М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры, үлкен залы

Спектакльдің авторы: Тахауи Ахтанов

Премьера күні: 2023 жылғы 29,30 сәуір

Қоюшы Режиссер: Елтай  КЕМАЛ

Қоюшы суретші: Мұрат МӘМБЕТОВ

Костюм суретшісі: Айзат АЙЖАРИКОВА

Музыкамен көркемдеуші: Серік ЗАКАРИЯ

Рижессердің көмекшісі: Ризида БАЛДАИРОВА

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат, 20 минут

Жас шектеуі: 12+

Қосымша: 

 

«Біздің халықта әкім көп болғанмен, азамат аз». Т.Ахтанов драмасының осы бір іргелі қағидасы Қоспанға да, Қасболатқа да тікелей қатысты. Азаматтық неден басталады? Ол үшін не қажет? Өзіңді сатпай, адамдықты қалай сақтауға болады? Құндылық керек пе, әлде құрдымға кету керек пе?

Драмадағы қос кейіпкер: азаматтық биігін берік ұстанған Қоспан да, арын мансабына айырбастайтын Қасболат та, бәрі қосылып келіп, қарапайым қазақтың мол пішілген момын тұлғасының жиынтық образын көзге елестетеді. Адам жанын алай-дүлей боранға ораған табиғат пен қатар Кеңес өкіметінің солақай саясатының да аққұлақ «бораны» шебер жасалған.

Қойылымның басты идеясы – азаматтық асыл құндылық екендігі көркем тәсілмен шынайы өрнектеледі.

Рольдер мен орындаушылар:

1.        Қоспан    –    Еламан Досжанов, Аслан Төлентай
2.        Жаңыл     –    Айымнұр Сәндібайқызы, Дана Ниязова
3.        Қасболат    –    Шынтас Омаров
4.        Жаппасбай    –    Бекжан Қайроллин
5.        Қаламүш    –    Арман Ахметов
6.        Қадыржан     –    Әсет Сисенов
7.        Құмар     –    Абзал Құдайбергенов  «Мәдениет саласының үздігі»
8.        Мінайдар     –    Нұрсұлтан Айтқалиев «Мәдениет саласының үздігі»
9.        1-әйел    –    Айгүл Оразалина
10.      2-әйел     –    Жанна Сұлтанқұлова
11.      Келіншек    –    Роза Ерболатова «Мәдениет саласының үздігі»
12.      Почтальон    –    Қазихан  Балдаиров «Мәдениет саласының үздігі»
13.      Шал    –    Дәурен Нарман «Мәдениет саласының үздігі»
14.      Кемпір    –    Шалқия Бакиджанова «Құрмет» орденнің иегері
15.      Тракторшы    –    Мейрамбек  Ерғалиев