Өтетін орыны: Махамбет Өтемісов атындағы облыстық драма театры, кіші зал

Премьера жылы: 2014 жыл

Автор: Қазақтың халық ертегісі

Режиссёр: Бейбіт Құсанбаев

Суретшісі: Темирбек Мухтаров

Жанр: Балаларға арналған ертегі

Ұзақтығы: 50 минут

Жас санаты: 6+

Қосымша:

 

 

Оқиға желісі егде тартқан қарияның аңшылық құрып жүріп, қазды тұзаққа түсіруінен басталады. Кенеттен қазға тіл бітіп, егер құрығынан босатса, ақсақалдың қалаған арманын орындауға уәде береді. Сөйтіп, Қаздардың ханзадасы-Қазыбай аңшыны өз сарайында қонақ қылып, түрлі сый-сыяпат көрсетеді. Алайда, аңқау қария жолай кезіккен қу балалардың алдауына ұрынып, әбден сарсаңға түседі. Ұлттық дәстүрді безендіріліп, әуезді әнмен әрленген ертегі кішкентай көрермендерге қызықты көңіл күй сыйлайды. Қойылым тіл алғыштыққа, тәртіптілікке, шыншылдық пен үлкенге құрмет көрсетуге үндейді.