Автор: А.П.Чехов

Премьера күні: 9-10 қараша

Өтетін уақыты: 19:00

Режиссёр: М.Томанов

Суретші: Т.Қоесов

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат, 30 минут

Жас санаты: 18+

Жүргізілетін тіл: қазақ тілі

 

 

«Назар аударыңыз! Қойылымда еркін отрығызу қарастырылған»

А.П.Чеховтың  бұл шығармасы қай кезеңде де өзектілігін жойған емес. Әлем театрларында әлі қойылып жатқан туындыны әр суреткер өз талғамында түйіндеп келеді. Ұлы классиктің осы жолғы кейіпкерлері 1917 жылдың төңкерісіне тап келген. Апалы сіңлілі үш қыздың бар арманы – өздері туып-өскен Мәскеу қаласына кету еді. Бірақ, олар қанша орайы келіп тұрса да бара алмайды. Ерік-жігері төмен, тек қиялмен күн кешкен үш қыздың тағдырын суреттейтін қойылымның астары терең, айтар ойы салмақты.