• Главная
  • Атырауда спортшылары жеңімпаздар шыршасын 1000 медальмен безендірді
14:35, 25 декабря 2017 г.

Атырауда спортшылары жеңімпаздар шыршасын 1000 медальмен безендірді

Атырауда спортшылары жеңімпаздар шыршасын 1000 медальмен безендірді

Атырау облысының спортшылары жеңімпаздар шыршасын 2017 жылы алған 1000 медальмен безендірді

Атырау облысы спортшыларының  дəстүрлі балында жаңа жылдық  challenge өтіп,  300-ден астам адам қатысты,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биіктігі 2 метр жеңімпаздар шыршасын  облыс спортшыларының 2017 жылы жеңіп алған 1000 медалі безендірді. Медальдардың көбі спорттың əр түрінен өткен чемпионаттарда, соның ішінде параолимпиадада да жүлделі орындарға берілген.

Шыршаны жасақтаған атыраулық спортшылар эстафетаны Қазақстанның басқа облыстарындағы спортшыларға табыстады.

- Біздің спортшылар ойлап тапқан жаңа жылдық challenge спортты насихаттауға жəне əріптестеріміздің рухын көтеруге бағытталған,- дейді Атырау облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет. -Біз Қазақстанның барлық спортшылары бастамамызды қолдап, биыл қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді деген сенімдеміз.

Спортшылар балында "Үздік спорт федерациясы", "Үздік спортшы", "Үздік топ", "Үздік спорт жобасы" секілді 15 аталым бойынша жүлдегерлер марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#спорт #Атырау #шырша
Объявления
live comments feed...