• Главная
  • НҰРЛАН ТҰРЛАНОВ: "ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ БОЛМАСА, ЕШҚАНДАЙ КӘСІП АЛҒА БАСПАЙДЫ"
СҰХБАТ
18:02, 14 декабря 2017 г.

НҰРЛАН ТҰРЛАНОВ: "ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ БОЛМАСА, ЕШҚАНДАЙ КӘСІП АЛҒА БАСПАЙДЫ"

СҰХБАТ

Қоғамды алаңдатқан«Қоғамдық көліктер қызметі» тақырыбында inatyrau.kz   сайтыныңұйымдастырған сауалнамасының нәтижесі ретінде тікелей эфирде Атырау арнасындағы «Назар» ток шоуында нүктесі қойылмақ болды. Алайда уақыттың тапшылығынан екі жақты пікірді ғана қамтыған өзекті мәселенің шешімін жауапсыз қалдырмауға тырыстық. Қара жолды қақ жарып, жарысқа түсетін автобустар жағдайы, қоғамдық көліктер мәдениеті мен жолаушылар наразылығы туралы әлеуметті алаңдатқан сауалға « Смарт Атырау» КМК орталық диспечерлік қызметінің бастығы Нұрлан Тұрланов жауап берді.

-Қала бойынша қоғамдық көліктер қанша бағытта жұмыс істейді?

-Қазіргі таңда қоғамдық көлік мәселесі өте күрделі. Себебі әр қаланың тұрғынын бір жерденекінші жерге жеткізу үшін, такси көлігінен бөлек, қоғамдық көліктер, яғни, автобустар қызмет етеді. Атырау қаласы бойынша 30 бағытта маршруттар болса, оның 24-і ғана жұмыс жасайды. Қалғандары көлік бағытының тиімсіздігінен және де тасымалдаушылардың хатты түрде бас тартуымен тұрғындар санының аздығынан жабылып қалып жатыр.

- Химпоселок мөлтек ауданында қатынайтын ешқандай көлік жоқ. Хатты түрде бас тартылған көліктерді неге осы бағытқа жалғамасқа?

-Химпоселок мөлтек ауданында «Атырау Такси» бағытында жетекшісі болған тасымалдушы жүргізе алмай бас тартты. Осыған орай бүгінгі таңдасол бағытта 6 тасымалдаушы қызмет етуде. Олардың ең үлкені-Айс Транс Холдинг. Теңгерімінде 70 автобус болғанымен 35-40 бірілігі ғана жұмыс жасап тұр. Ол Атырау қаласынын толықтай қамту үшін 160-170 бірлік автобус жетпейді дегенді білдіреді.

- Сонда халықты қоғамдық көлікпен толықтай қамту үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр?

- Осы орайда Атырау қаласы әкімінің тарапынан Смарт Атырау коммуналдық мекемесіне «Атырау қаласының 2017-2022 ж аралығындағы тұжырымдаманы» жасақтау жұмысы тапсырылған болатын. Ол тұжырымдама ағымдағы жылдыңшілде айында мемлекеттік сатып алу порталына конкурс арқылы жарияланып, Ганчаров атындағыҚазақ Автожолдар академиясының профессорлары ұтып алған болатын. Ең соңғы үлгісі 2017 жылдың қазан айының 20-сында таныстырылды. Оған дейін біз халықтан ұсыныс, пікір ретінде әлеуметтік желілерге енгізіп,жаңа сызбалар мен жасалып жатқан жұмыстарды талқыға салған болатынбыз. ОндаСамал мөлтік ауданы, Дамбы селолық округі мен Нұрсая ықшам аудандарына автобустар қосып, олардың санын көбейту сияқты ұсыныстар айтылған болатын. Әрине, ол ұсыныстардың барлығы ескеріліп жаңа сызбада жасақталып бекітілді. Біздің орталық көшелерде Сәтбаев, Азаттық, Баймұханов көшелеріненбір-бірін қайталаумен бірнеше маршруттар жүреді. Осы орайда қала көшелерінен кептелістер мен автобустар жарысын байқаймыз. Осындай мәселелерді болдырмау мақсатындатұжырымдама аясында 4 түрлі түсіп-алмасу пунктін белгіледік. Бұлар «Аламан» сауда орталығы, Геолог поселкесі, Жұмыскер ауданы мен Балықшы мөлтек ауданы болып белгіленген болатын. Олардың мақсаты- ауылдық округтердегі тұрғындарды қалаға кіргізбей-ақ сол жердегі қажеттіліктерді орнату. Жаңа шлагбаундар, инфоструктуралар мен дамыған технологиялар орналастырылады. Бұл тек 4 пункт бойынша. Одан бөлек тұжырымдама аясында қаламыздың жаяу жүргіншілер жолы қарастырылады. Сонымен қатар келесі жылы осы салада тендер өткізуді жоспарлап отырмыз.

-Онда кімдер қатыса алады?

-Бұнда біреу қатысады деген жоқ. Өзінің теңгерімінде, я болмаса, жалға алынған автобустары біздің қойған талаптарға сай келетін болса кез келген азамат қатыса алады. Ол, яғни, өзінің техникалық базасы, жалға алынған немесе өзінің теңгерімінде автобустар болуы, автобустар санатының сыйымдылығы 9 м-ден жоғары, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар орнатылуы, көру мүмкіндігі нашар адамдарға кондуктормен байланыс құралы ретінде арнайы тетіктермен жабдықталуы қажет.

Қалада ішінде және қала сыртында қанша көлік қызмет етеді?

- Облысымызда автобустардың 18-і қала ішілік, 12-сі қала маңы болып бөлінеді. Яғни, қала маңы Жұлдыз, Талқайран, Алмалы, Береке, Еркінқала сияқты аудандар кіреді.

Қоғамдық көліктердің тазалығына жауапты мекеме бар ма? Өйткені, тұрғындартарапынан осы орайда шағымдар көп түседі?

-Антисанитария мен жүргізушінің медициналық тексерістен өтуіне жұмысқа қабылданар алдында жіті қадағалаймыз. Біздің тарапымыздан да тексеріс жүргізіліп отырылады. Тексеріс кезінде де, жүргізушілер медициналық тексерістен өтіп, автобустың жай-күйі де қарастырылады.

- Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша тұрғындардың 30%-ы автобус жүргізушілерінің көлікті қауіпті айдайтынына уәждерін білдірді. Бұл мәселелерге қандай шаралар қоладанасыздар?

- Жылдамдық асыру мәселесіне орай «Смарт Атырау» мекемесі тарапынан жылдамдықты анықтайтын 250 GPS бағдарлама қондырығысы орналастырылған. Оның235-і бағдарламаға сай жұмыс жасаса, 15-і бағдарламалық жүйе, техникалық ақауларына байланысты жарамсыз. Осыорайда қазіргі таңда 235GPSқондырғысы бүкіл тасымалдаушыларға орнатылған болатын. Бұл диспечер бөлімі арқылы онлайн режимінде автобустардың жылдамдық режимін, тұру уақыты мен интервалын бақылауға көмектеседі. Алайда бұл мәселеге байланысыты жүргізушілермен жиі келіспеушіліктер болып жатады. Өйткені «аккумуляторымызға зиян» деп ажыратып тастайды. Бірақ, оларды айыппұл салатын немесе жауапқа тартатын ешқандай заң жоқ болып отыр.

-Қалған 40 %-ы аузы-мұрнына толтырып халық жинайтын автобустарға шағымын білдірді. Бұл жайында не дер едіңіз?

-Қала тұрғыны ретінде айтар болсам, «Апа, машинам толық, мінбеңіз!»-, десе де халық түсінбейді. Орын жоқ десе де, сыйысып отырамын деп болмай кіріп кетеді. Автобустағы орындар саны 27-28 болса, нақты сыйымдылығы 48 болады. Ал біздің маршруттар 68-78 халықтытолтырып алып тасып жүр. Бір жағынан «Жоқ, мінбеймін! Келесі кезектегі автобусты күтемін» деген түсінікті қалыптастырмаған өзімізден де кінә іздеу керек. Тасымалдаушыларды кінәлай бермей мәдениеттілік пен түсіністік таныта білу қажет. Өйткені бұл-қоғамдық көлік.

-Сонымен қатар халық үшін газель автобустар кез келген жерге еркін қатынауға қиындық тудырып жүр. Себебі отырайын десең, автобус сыйымдылығы кем дегенде 12-15 орын, тұрайын десең не мойның, не белің ауырып кедергі жасайды. Газель автобустарды үлкен көлемдегі қоғамдық көліктерге ауыстыруға болмай ма?

- Жалпы БҚО, Ақтау, Маңғыстау облыстары бойынша газель автобустар жоқтың қасы. Біздің облысымызда газел-автобустардың қатынауы -көшелердің тарлығынан.Тар қиылыстарда үлкен автобустар сыймақ түгілі, бұрылуы да қиынға соғады. Сол себепті газель авобустарды тұтынуға мәжбүрміз. Қаламызда 300-ден астам жылжымалы құрал бар. Оның 75-80-і үлкен автобустар, қалған 111-і орташа сыйымдылықтағы көліктер болса, 159-ы газель-автобустар екен. Әрине, қолымыздан алып-тастау келеді. Бірақ, қазіргі күні оның орнын алмастыратын үлкен автобустарымыз жоқ. Оның үстіне «Мен осы автобусты жүрзігем! Менің осындай көлігім бар»- деп құлшыныс танытып отырған адам да жоқ.

- Қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, оқушыларсабақ кезінде тегін жүруге құқылы. Осы тарапта не айтар едіңіз?

-Біз қазіргі таңда мемлекет тарапынан оқушыларға, қандай да бір топтағы мүгедек жандарға қолдау көрсетілмейді. Тек университет студенттеріне ғана жеңілдік берілген. Қала бойынша 54 000 оқушы бар екен. Солардың 70%-ын біздің тасымалдаушылар тасып жүр. Осы көрсетілген 70% -ға мемлекет тарапынан өтемақы бөлінетін болса автобустар жағдайы жақсарылып, газельдер орнына үлкен автобус алуға жұмыстанар едік. Алайда, бүгінде біз мемлекеттік немесе басқа да тараптан болсын ешқандай қолдау көрсетілмегендіктен тұрғындар тасымалымен бірдеңені жаңарту өте қиын. Бензин бағасы күннен-күнге шарықтап бара жатыр. Осы орайда неге өтемақы бермейді деген сұрақ туындайды? Мемлекет тарапынан қаржыландырудың бірден-бір жолы-нақты дәлелдеме. Қала тұрғындары арасында атаулы жеңілдіктерменқатынайтын оқушы мен зейнеткерлер санын анықтау керек. Ол үшін міндетті түрде электронды билет жүйесін енгізу қажет. Ай сайын осы тұрғыда студенттер мен оқушылардың қатынауына байланысты үкімет ақша аударып отырса, қоғамдық көлік жағдайы жақсарар еді. Себебі, ешбір жерде үкімет тарапынан қолдау болмаса, ешқандай кәсіп жақсаруы мүмкін емес. ҚР-ның көлік туралы Заңының 13-бабына сәйкес «әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, 5 жастан 17 жасқа дейiнгi балаларға жолақысның 50 %-ын төлеуге құқылы» деп көрсетілген. Қалалық мәслихаттың келісімі бойынша халыққа тиімді болу үшін оқушыларға тегін жүруге шешім қабылданған болатын. Алайда келесі жылы іске қосылатын тұжырымдама көрсетілген Заң жүзінде іске асыралыды деп ұйғарылып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...