• Главная
  • Браконьерлерден 1 тонна 89 кг бекіре балығы тəркіленді
11:01, 6 ноября 2017 г.

Браконьерлерден 1 тонна 89 кг бекіре балығы тəркіленді

Браконьерлерден 1 тонна 89 кг бекіре балығы тəркіленді

Облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы 5 қараша күні сағат 7.55-те Исатай ауданы Жанбай селосының аумағында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде жүргізген рейд кезінде заңсыз балық аулаушыларды ұстады. Жанбай селосының аумағында жергілікті төрт тұрғын мінген браконьерлік қайық тоқтатылған. Олардан 304 дана бекіре тұқымдас балық тəркіленді.

-Заңсыз ауланған балықтардың жалпы салмағы 1 тонна 89 кг. Ұсталған төрт браконьер де Жанбай ауылының тұрғындары. Үшеуінің жасы 26-да, біреуі 24-те. Олар Дамба поселкесіндегі инспекция бөліміне жеткізілді. Қуаты 200 ат күшіне тең жүзу құралы «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің аумағына əкелінді,-дейді облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#тәркілеу #балық
Объявления
live comments feed...