• Главная
  • Парсы тілін меңгеруге тамаша мүмкіндік
14:36, 27 октября 2017 г.

Парсы тілін меңгеруге тамаша мүмкіндік

Парсы тілін меңгеруге тамаша мүмкіндік

 Ақылдарды тоғыстырып, байланыстарды нығайту мақсатында биылғы өткен КАСПИЙ маңы елдерінің мемлекеттік унверситеттері Ассоциациясының ХХ Мерейлі Бас Ассамблеясы арасында  Атырау мемлекеттік университетінде Иран мәдени тілі мен орталығы ашылды.

Орталықтық салтанатты ашылу рәсімінде Атырау университетінің бірінші стратегиялық жоспарлау және халықаралық байланыстар проректоры А. Шилібекова жаңа орталықтық тек қана Атырау және Мазандаран университеті ғана емес, сондай-ақ Каспий теңізімен біріккен екі елдің ынтымақтастығын да бейнелейді деп атап өтті. Сондай-ақ осы орталықтың ашылуына ықпал етіп, қолдау көрсеткен Атырау университетінің ректоры Абзал Талтенов пен Мазандаран университетінің ректоры Сейид Халлах Мирниға орталықтың ашылуына жағдай жасағаны үшін алғысын білдірді.

«Қазақстан мен Иран тарихы көптеген ортақ нәрсеге ие және біз  соны тереңірек зерттеуіміз керек. Елдер бір-бірінен алыс болғанына қарамастан, Каспий теңізінің арқасында бір-бірімізбен  туыс ретінде кездесуге мүмкіндік алдық»,-деп атап өтті. Мазандаран университетінің ректоры Сейд Халлах Мрни.

Бұл орталықтың мақсаты студенттеріміздің парсы тілін меңгеруіне жағдай жасау. Алдағы уақытта парсы мәдениеті мен тіліне қызығушылық білдірген жастарды оқытатын арнайы маманды Иранның жоғарғы оқу орындарының бірінен шақырту жоспарланып отырған көрінеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Парсы #Иран #Каспий
Объявления
live comments feed...