16:17, 16 октября 2017 г.

Қала күні тойланды

Қала күні тойланды

Даласында Динаның күйі мен Махамбеттің дүбірінің ізі қалған Мұнайлы астананың 377 жылдығы тойланды. Маңғаз өлкенің сәнін келтірген «Ретро-саябағы» Атырау тұрғындарын дүр сілкіндіріп,кешкісін «Сұлтан-Бейбарыс» алаңындағы гала концертпен жалғасын тапты.                                                                       Мерекелік шараға арнайы шақыртылған  өнер жұлдыздарын тыңдауға келген халық санында шек болмады.  Қазақ эстрадасының аңызына айналған « Дос Мұқасан» мен Жанар Дугалова, «Ринго», «Алашұлы» Ибрагим Ескендір сияқты эстрада жұлдыздары сахна шырайын келтірді. 

«Атырау облысында да елімізде болып жатырған жақсы жаңалықтар өзінің жарасымын табуда. Оған сіздер де куә болудасыздар. Ол сіздердің еңбектеріңіздің нәтижелі жемісі. Соның арқасында жаңа әлеуметтік нысандар жаңа құрылысы салынып күрделі жөндеуден өтіп, халықтың әл ауқатын көтеру жөніндегі игі істер жасалуда. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жүргендеріңізге рахмет. Алдағы уақытта да ол жалғасын табады деген сенімдеміз. Атырау қаласында да жаңа нысандар бой көтерді. Біз бұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы уақытта да қаланың инфрақұрылымын дамыту жөнінде жаңа саябақтар ашу, жайық өзенінің бойындағы жағалауды қайтадан жөндеу жұмыстары, жаңа әлеуметтік нысандар, мектептер мен спорт құрылыстарын салу жоспарда бар. Осы тараптан қаланың дамуы жөніндегі сіздердің ұсыныстарыңызды қабылдаймыз» - деп мерекелік кеште облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...