• Главная
  • "28-петель" волонтерлары бас қосты
Мейірім
18:00, 12 октября 2017 г.

"28-петель" волонтерлары бас қосты

Мейірім
"28-петель" волонтерлары бас қосты

Кеше "28-петель" ұйымының волонтерлары бас қосты. Жаңа туған шақалақтарға  өмір сыйлап үміт отын қайта жағып жүрген қайырымды жандар қолдарына бір-бір ілмек ұстап көрген-білгендері, көңілге түйгендері туралы бөлісе бастады. Жаңадан келген волонтерлармен танысып, алдағы жоспарларын да талқылады. Қаламыздағы өтілген әрбір шараға жете назар аударатын волонтерлар өзіндік пікірлерін білдіріп, өздерінің өресі биік-өрісі кең екендерін дәлелдеумен болды. Жиналғандардың ішінде басым көпшілігі жастар. Жастардың осыншалықты қайырымдылық шараларына атсалысып жүргені көңіл қуантады және оларда өздері де бұл істеріне риза сияқты.

Мейірбек Кайр-20 жаста

«Мен бұл ортаға 1 жыл бұрын  қыз мезгілінде аяқ асты тап болдым. Досымды өзі қатысатын волонтерлар тобына дейін яғни,  Ардагерге дейін шығарып тастамақшы болдым. Бірақ маған  далада біреуді күту керек болды. Ал дала өте суық болғандықтан клубқа кіруіме тура келді. Кейін мен күткен адам келе алмайтындықтан  клубта қалуға шешім қабылдадым.  Дегенмен, маған орта қатты ұнап қалған болатын. Менің ойымша волонтерлік жұмыс қымбат уақытыңды болмашы нәрсеге жұмсау сияқты көрінетін.  Алайда мен ойымды түбегейлі өзгерттім. Өйткені, маған бұл жердің атмосферасы мен ортасы қатты ұнады. Біз клубта жай уақыт өткізу үшін бас қоспаймыз.Біз әр кездескенімізде бір-бірімізбен түрлі  ақпараттар алмасамыз. Қаламызда не болып жатқаны туралы біліп, көптеген достар табамыз. Соны клубта тоқумен айналысамыз және оны 99 пайыз түбіттен тоқимыз.  Өйткені, түбіт адамның  денесін қышытады.   Біз тоқыған киімдерімізді шала туған шақалақтарға кигізгенде олардың денесін қышытып, бойларына қан жүріп қозғала бастайды. Біз клуб мүшелерімен  бір айда екі  рет кездесеміз. Сонымен қатар біздің топтың әлеуметтік желілерде жеке топтарымыз бар.»

Әсел Исмагулова-27 жаста

«Менің волонтерлік жұмысқа талпынысым болды.  Ғаламтордан  барлық топтар жайлы оқи бастадым. Өзімнің қолымнан келетін және пайдасы бар жұмыспен айналысқым келді. Сол кезде мен осы топпен таныстым. Бірақ  олар Алматы мен Астанада ғана орналасқан болатын. Кейін өзіміздің қаламыздан іздедім. Іздеген жетер мұратқа дегендей тауып алып, 2016 жылдың жаз мезгілінде осы топқа қосылдым.Бұнда қосылу үшін ешқандай қолөнермен айналысудың қажеті жоқ, "жақсылық көлемімен, емес ниетімен" дегендей ниет болса жеткілікті. Қазіргі  таңдағы экологияға байланысты қаншама сәбилер ерте дүниеге келіп жатыр. Ал, біз соларға өзіміздің тоқыған көрпешелер, бас киімдерді кигізген кездегі  жан бітіп, тыныс алған сәтін есіме түсірсем өзімнің шақалақтар үшін аз да болса бірдеңе жасап жатқаныма көзім жетіп қуанамын!"

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#тоқу #ілмек
Объявления
live comments feed...